{metadescription}
Мәжіліс жанынан Қоғамдық палата құрылды
Мәжіліс жанынан Қоғамдық палата құрылды

Мәжіліс жанынан Қоғамдық палата құрылды

«Қойшыны көбейту емес». Мәжіліс жанынан құрылатын жаңа Қоғамдық палатаға қарсы шыққан депутаттарға спикер осылай жауап берді. Ерлан Қошанов оларды палата жұмысына белсене атсалысуға шақырды. Өйткені, соңғы кезде парламентке айтылар сын көбейген.

Ерлан Қошанов, Мәжіліс төрағасы:

- Бүгінгі таңда, өкінішке қарай, бізге сын көп. Заң шығарушылар халықтан алшақтап кеткен деген түсінік бар. Яғни, халық бір жақта, қоғам бір жақта, заң бір жақта жұмыс істеп жатыр деген пікір бар. Солай ғой? Сондықтан Қоғамдық палатаның басты мақсаты – неғұрлым өзекті, резонансты мәселелерді бірінші оқылымға дейін қоғамның талаптілегі тұрғысынан қарастыру. Басты ерекшелігі – осы.

Мұндай палата Мәжілістің үшінші және төртінші шақырылымында болған. Депутаттар сол кезде істелген істі, нәтижелерді тереңінен зерттеп, жаңа Қазақстанға жаңа алаң қажет екенін түсініпті. Яғни, заң шығарушылар мен халық арасы жақын болуы тиіс. Бір жағынан, бүгінде қазақстандықтардың митингілерге шығуы жиілеген. Ал олардың жанайқайы көшеде емес, Парламентте тыңдалуы керек. Қоғамдық палата жұмысына конструктивті оппозиция өкілдері, қоғам белсенділері тартылмақ. Өңірлердегі қоғамдық кеңестер де қатыса алады. Нақты құрамы келесі аптада жарияланады. Бірақ қашан жұмысын бастайтыны әзірге белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде