{metadescription}
Депутаттар: «Қант қат тауарға айналды»
Депутаттар: «Қант қат тауарға айналды»

Депутаттар: «Қант қат тауарға айналды»

Қат тауарға айналған қанттың мәселесі бүгін Мәжілісте де айтылды. Жыл басынан қымбаттап жатқан шекер қазір тіпті жоқ. Депутаттар үкіметтен бұл мәселені уақыт күттірместен шешуді талап етті. Олай болмаса, күзде жеміс-жидек піскенде қант үшін нағыз күрес бастала ма деп алаңдайды.

Жуырда елге қант пен шикізатты бажсыз әкелу квотасы тамыздан қазанға дейін ұзартылған болатын. Сауда министрлігі қарашадан бастап өзіміздің зауыттар қант қызылшасынан өнім бере бастайды деп қуантып отыр. Алайда бұл жеткіліксіз екенін үкіметтегілер де біледі. Сондықтан депутаттар мерзімдерді ғана емес, квота мөлшерін де ұлғайтуды ұсынады. Қазір ол 350 мың тонна ақ қант пен шикізат боп бекітілген. Ал қазақстандықтар қантты бұдан көп пайдаланады. Өкінішке қарай, отандық зауыттар осыған дейін еліміздің тек жеті пайызын өз өнімдерімен қамтуға шамасы жеткен. Қанттың айналасындағы дау-дамай көктемде Ресей тарапы импортты тоқтатқанда басталған. Осыны естіген жұрт дүрлігіп, дүкенге жүгірді. Бұны алыпсатарлар өз пайдасына жаратып, ойына келген бағаға қантты өткізіп жатыр. Қор жеткілікті десе де, Үкімет ақыры қарашаның ортасына дейін экспортқа шығаруға тыйым салуға мәжбүр. 

Фахриддин Қаратаев, Мәжіліс депутаты:

- Бүгінгі таңда қанттың бағасы шарықтап өсіп, 600 теңгеден 900 теңге аралығында болып жатыр. Әсіресе бүгінгі таңдағы шағын орта кәсіппен шұғылданушылар көптеген өздерінің кондитерский цехтарды жауып, жұмыстарын тоқтатып жатқан жерлерді көріпбіліп отырмыз. Сондықтан біздің көтеріп жатқан мәселеміз, біздің отандық тауар өндірушілерге көбірек көңіл аудару мәселесі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде