{metadescription}
Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге белшеден қарыз
Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге белшеден қарыз

Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге белшеден қарыз

Жақында ғана қайта құрылған Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге белшеден қарыз. Соның кесірінен педагогтер айлығы мен емделу ақысын ала алмай, не еңбек демалысына шыға алмай жүр.

Мәжіліс депутаты Юлия Кучинскаяның дерегінше, ұстаздар мамыр айындағы жалақысын толықтай алмапты. Бірінші маусымнан бастап жазғы еңбек демалысына шыққан 300 мың педогогке тиісілі қаражат әлі күнге дейін қолдарына тимеген. Есеп бойынша Оқу-ағарту министрлігінің ұстаздар алдындағы берешегі 30 миллиард теңге. Қаражаттың бұлай жиналып қалуы шенеуніктердің бюджетке салғырт қарап, дұрыс жоспарламауынан дейді депутат. Сондықтан, Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтен тез арада мәселені кешіктірмей шешуді сұрады.

Юлия Кучинская, Мәжіліс депутаты:

- Сіздің ведомство мамандарының бюджет жоспарлауға салғырт қарауының салдарынан қаражат тапшылығы туындаған. Оның саларынан педагогтердің бір бөлігі мамыр айының айлығын толық көлемде ала алмай жүр. Оның үстіне еңбек демалысының ақысы мен емделу өтемақысының қарызы 30 млрд теңгеге жеткен. Педагогтердің бұл шағымы әділетті болғанына қарамастан, министрлік жұмған аузын ашпай отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде