{metadescription}
Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты тың ақпарат
Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты тың ақпарат

Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты тың ақпарат

Қытайда өмір бойы бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты күдікті Қазақстанға берілуі мүмкін. Ішкі істер министрлігі Нигерия азаматы Адиндо Нонсе Фортунаны экстрадициялау туралы өтініш жолдаған.

Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігі:

Ағымдағы жылғы 20 маусымда Нигерияда Интерполдың Қазақстан Республикасы ІІМ-дегі Ұлттық Орталық бюросының сұрауы бойынша ҚР ҚК 259-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыс (есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Адиндо Нонсо Фортуне ұсталды. Қазіргі уақытта оны қамауда ұстау және Қазақстанға одан әрі экстрадициялау туралы одан әрі процессуалдық шешім қабылдау мақсатында қажетті материалдар Интерполдың Нигерия ҰОБ-на жолданды.

Ақжарқын Тұрлыбайдың 2014 жылғы Қытайға сапарын ұйымдастырды деп айыпталған нигериялық азаматқа қатысты Қазақстанда қылмыстық іс қозғалған. Еске салайық, Ақжарқын Тұрлыбай сегіз жыл бұрын Гуанчжоу әуежайында ұсталған. Қытай соты оны 4 жарым келі синтетикалық есірткі тасымалдады деп айыптап өмір бойы бас бостандығынан айырған еді. Отандасымыз өзін шетелдік досы алдап соққанын айтып, кінәсін мойындамады. Кейін Ақжарқынды арбауына түсірген нигериялық қылмыстық топ мүшелері екені белгілі болды. Биыл мамырда Қазақстан Ақжарқын Тұрлыбайды елге экстрадициялау туралы өтініш жібергенімен, Қытай тарапы келіспеген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.