{metadescription}
«Жайылым жерлерді таратқан әкімдер жазалансын»
«Жайылым жерлерді таратқан әкімдер жазалансын»

«Жайылым жерлерді таратқан әкімдер жазалансын»

Жайылым жерлерді оңды-солды таратқан әкімдер қызметтен кеткеннен соң да жауапкершіліктен құтылмауы керек. Билік партиясы жанынан құрылған «Жер аманаты» комиссиясының мүшелері осындай талап қойып отыр. Осы уақытқа дейін «Amanat» партиясының араласуымен 140 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылыпты. Бұл өте аз деген комиссия мүшелері латифундистермен күреске бел шеше кіріспек.  

Ерлан Сайыров, Мәжіліс депутаты, «Жер аманаты» комиссиясының мүшесі:

- Жер қатынастары жөніндегі заңда әрбір ауылдың айналасында 5-10 км периметрде жердің барлығы сол жердің азаматтарының жалпы пайдаланатын жер деп жазылған. Өкінішке орай, жергілікті әкімдер, ауданның әкімдері міне осы мәселелерді мынау заң мәселесін қазір орындамай отыр. Мынау Қазақстанның картасын қарайтын болсақ, қаншама жер бос жатыр. Бірақ оны ары қарай зерттейтін болсақ, оның артында иелері болады. Олар осы жерді иеленіп отырып өздері де пайдаланбайды және басқа азаматтарға пайдалануға мүмкіндік бермей отыр.

Осыған дейін Қарағанды, Түркістан, Жамбыл облыстарында үлестіріліп кеткен жайылымдық жерлер ауыл тұрғындарының игілігіне қайтарылыпты. Осылайша ауылда кәсіп бастаймын деген қаншама азаматтың жол ашылған. Мәжіліс депутаттары, қоғам белсенділерінен құралған комиссия мүшелері мұндай бастамадан соң Қазақстанның ауыл шаруашылық әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретініне сенімді. Заңмен реттелмегесін жерге қатысты мәселе шаш етектен. Мысалы, мыңдаған гектер жерді пай ретінде банктерге өткізіп жібергендер көп. Мұндай мәселе Солтүстік Қазақстан, Алматы, Ақмола облыстарында өз кезегін күтіп тұр. Жердің заңсыз сатылып немесе босқа игерілмей тұруы тек ауылда емес, қалада да жетерлік.

Мақсат Толықбай, «Жер аманаты» комиссиясының мүшесі:

- Солтүстік өңірлерге барсаңыздар бос жатқан ауыл үйлер көп, бірақ жер жоқ. Парадокс. Енді оның кім тұрғанын біз бәріміз жақсы білеміз. Кейбір жерлерді қайтаруға не әкімнің шамасы жетпейді, не болмаса әкімнің жақшаның ішінде интересі бар. Оларға тіпті Прокуратура өкілдері келіп отыр, әртүрлі министрліктер олардың да шамасы жетпейді. Бұлар да тамырланып алған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.