{metadescription}
Қонаев қаласында маса қаптады
Қонаев қаласында маса қаптады

Қонаев қаласында маса қаптады

Мазаны қашырған маса. Қонаев қаласының тұрғындары биыл қансорғыш зиянкестің жылдағыдан көп екеніне  шағымдануда. Айтуларынша, олар күндіз аптап ыстықтан, кешке ызылдаған масадан далаға шығудан қалған. Өйткені ымырт уақытта қансорғыш жәндіктер қалада қаптап кетеді екен. Тұрғындар арыз-шағымын айтып, әлеуметтік желіге де, қаланың әкіміне дет хат жазып әлек. Алайда одан әзірге еш нәтиже жоқ.

Қонаев қаласы тұрғындарының қазіргі бас ауруына айналған мәселелері маса болып отыр. Айтуларынша биыл қансорғыш жәндіктер жылдағыдан бетер қаптаған. Тіпті әлеуметтік желіде кішкентайлардың маса шаққан жерлері күп боп іскен видеолар күн сайын тарауда. Осылайша аптап ыстықта үйге сыймаған балалар далада да жарытып ойнай алмай жүр.

Замира Насырдинова, Қонаев қаласының тұрғыны:

Жаз кезінде күндіз дала қатты ыстық болған соң біз далаға шыға алмаймыз балалармен. Үйде отырамыз. Кешкісін шығайын десек, маса талайды. Сонымен қай кезде далада жүріп, таза ауа жұтарымызды білмейміз. Былтыр ондай болмаған. Биыл қатты көп болып кетті. Міне, балалардың аяқ қолы сау жері жоқ.

Қала тұрғыны Алевтина Теннің тұңғышы да қол-аяғы ісіп, қышынып, әбден әбігерге түскеннің бірі. Бүгін қан тапсырып емханадан шыққан беті осы екен. Өйткені қансорғыштар түрлі аурулар тасымалдамаса екен деп қауіптенеді. Бұған қоса, кішкентайының үстіндегі бөртпелерге тіпті арнайы жақпамайлар да әсер етпей жатыр екен.  

Алевтина Тен, Қонаев қаласының тұрғыны:

- Біз үлкендер ғана емес, әсіресе балаларымызды түгін қалдырмай шағып тастады. Қазір денесінде қызармаған, іспеген жері жоқ. Одан қала берді аллергиялық реакция беріп, түн ұйқысы төрт бөлініп тыртыр қасынып шықты. Өзімнен бұрын балам зардап шегіп жатқаны жаныма батып жүр. Маса шаққан жерге дәріханалардан жақпамайлар мен спрейларды қымбат бағаға сатып аламыз. Бірақ дым пайдасы жоқ.

Жергілікті әкімдік қансорғыш жәндіктердің қаптауына сулы-батпақты, қамысты жерлердің көп болуы себеп дейді. Сондай-ақ, облыс орталығын қайта дезинсекция жасауға арнайы бригада жасақталып жатыр екен. Ал, санитар мамандар өздеріне тапсырылған міндетті толық орындағандарын айтады.

Лариса Ролдугина, Қонаев қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бөлімінің басшысы:

- Қонаев қаласының айналасында 46 су тоғаны бар. Яғни олар қозғалыссыз тұрғандықтан маса мен шіркейлер жиналмас үшін алдын ала жою жұмыстарын 16 мамырда жүргіздік. Биылғы жауыншашынның көптігі де улау жұмыстарымызға кесірін тигізді. Алайда күресті ашық күндері шығып жасадық. Тағы 60 гектар жерге масаны улаудың екінші кезеңін 21 күннен кейін қайта жүргіздік.

Санитар мамандарының айтуынша, қаладағы масаның қаптауына су тоғандарының қатысы жоқ. Су айдындарымен қатар үй-жайлардағы жертөле де масаның көбеюіне себеп болады деп отыр. Сондықтан көпқабатты тұрғын үй жертөлелеріне пәтер иелері кооперативі, ал қаланың ішіне шенеуніктер жауапты деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.