{metadescription}
Әйелдер мен балаларды қолдау орталықтары ашылады
Әйелдер мен балаларды қолдау орталықтары ашылады

Әйелдер мен балаларды қолдау орталықтары ашылады

Еліміздің барлық өңірінде әйелдер мен балаларды қолдау орталықтары ашылады. Президент бүгін Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған жиында осындай тапсырма берді. Бұл орталықтар соңғы кездері тұрмыста зорлық-зомбылыққа ұшыраған ана мен баланы қамқорына алуы тиіс. Тіпті, арнайы тергеушілер зардап шеккендерге көмек береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бұл орталықтар қазір пилоттық режимде жұмыс жасап тұр. Онда психологиялық, құқықтық және медициналық көмек көрсетіледі. Сондайақ, тиісті сараптамалар жасалады. Арнайы даярлықтан өткен тергеуші әйелдер зардап шеккен жандарға жәрдем береді. Жалпы, бұл орталықтар тиімді жұмыс істеп жатыр. Мұндай орталықтарды бүкіл ел аумағында ашып, ауқымын кеңейту керек. Үкіметке және әкімдерге осы жұмысты қолға алуды тапсырамын.

Ел президенті бүгінгі мерекеге орай, Ішкі істер министрлігінің ғимаратына өзі барды. Құқық қорғау қызметкерлерінің қандай жағдайда жұмыс істеп жатқанын көріп, олармен бетпе-бет кездесіп, жиын соңында марапаттарын тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан полициясының олқы тұстарын да, жетістіктерін де жіпке тізді. Оның пікірінше, азаматтардың құқық қорғау жүйесіне деген сенімі әлі де өз деңгейінде емес. Полицейлер әділетсіздік, немқұрайлылық, заңсыз әрекеттер танытып, Ішкі істер министрлігінің қызметіне сызат түсіреді. Мұны салада жүргізіліп жатқан реформалар түзейтініне президент сенімді. Мемлекет басшысы Қаңтар қақтығысы кезінде полицейлер отаншылдықтың шынайы үлгісін көрсеткенін де айтты. Тәртіп сақшыларына әлеуметтік қолдаудың артатындығын да жеткізді. Сондай-ақ, құқық қорғау қызметкерлеріне өз елінің дамуына лайықты үлес қосқан қоғамдық-саяси көшбасшыларын, ғылым және мәдениет қайраткерлерін қадір тұтпайтын халықтың келешегі де бұлыңғыр екенін еске салды. Бұл ретте мемлекет басшысы тұңғыш президенттің тарихи рөлін ұмыт қалдырған жоқ.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Біз, қазақ халқы, саяси тұлғаларымыздың еңбегіне құрметпен, парасаттылықпен қарауымыз қажет. Бұл – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұлғасына да қатысты ақиқат. Оның Тәуелсіз елімізді құру ісіне сіңірген еңбегін бүкіл әлем қауымдастығы мойындады. Сондықтан Тұңғыш Президенттің тарихи рөліне құрметпен қарау – бәрімізге ортақ міндет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде