{metadescription}
Доллар тағы қымбаттады
Доллар тағы қымбаттады

Доллар тағы қымбаттады

Доллар бір күнде 10 теңгеге қымбаттады. Ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасы 470 теңгеден саудалануда. Сарапшылар ұлттық валютамыздың құбылуы тікелей АҚШ-тың базалық мөлшерлемені көтеруімен байланыстырады. Осылайша, бір аптада ұлттық валюта долларға шаққанда 50 теңгеге құнсызданса, рубль керісінше. Ресей ақшасы бұрын соңды болмаған көрсеткіш -8 жарым теңгеге жеткен. 

Мақсат Сералы, Экономист:

- Өзінің нарығында долларды күшейту үшін, АҚШ базалық ставканы көтерген болатын. Базалық ставка көтерілгеннен кейін доллар міндетті түрде көтеріледі. Енді бұл әдеттегідей Еуропа мемлекеттерінде еуроның да төмендеуіне алып келіп соғады. Жалпы АҚШ-тың банк жүйесіне қарайтын болсақ, бұлар 3 жарым пайызға дейін базалық ставканы көтеруді жоспарлап отыр. Бұл дегеніңіз әлі де доллардың көтерілуіне әкеліп соғады.

Сондай-ақ, ұлттық валютамыздың құлдырауының тағы бір себептерінің бірі мұнай бағасының арзандауы дейді. Жалпы әлем бойынша қара алтынның құны сағат сайын төмендеп, 6 апта ішінде ең төменгі деңгейге жақындаған. Мәселен, Лондондағы Айс Фючерс биржасында Брент -110  доллардың көлемінде  сатылуда. Сарапшылар қазір дүние жүзінде саяси, экономикалық дағдарыс болып жатқасын, теңгенің ары қарай төмендеуі мен нығаюын дөп басып айту қиын дейді. Өйткені, доллардың өсуімен қатар, рубль де үшінші күн қатарынан 8 т еңгеден түспей тұр. Десе де, Ресей сарапшылары рубльдің нығаю сауда-саттық байланысы бар елдерге де, өздеріне де тиімсіз деп отыр.

Александр Быстров, Экономист:

Рубльдің нығаюының басты себебінің бірі ол – оң сауда балансы. Яғни, мемлекеттен доллар сыртқа шыққаннан қарағанда, көбірек елге түсіп жатыр. Бұл тікелей Батыс елдерінің енгізген санкцияларына байланысты. Ағымдағы бағам ел үшін өте тиімісіз шығар деп ойлаймын. Өйткені, біз тауарларымыздың белгілі бір үлесін экспорттаймыз. Сөйтіп, валютаны аламыз, оны бюджетті толтыру үшін рубльге сатамыз. Сайып келгенде, рубль азайып жатыр. Валютамыз қаншалықты әлсіз болса, соғұрлым бюджет үшін тиімді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде