{metadescription}
«Сбербанк Қазақстан» сатылады
«Сбербанк Қазақстан» сатылады

«Сбербанк Қазақстан» сатылады

«Бәйтерек» холдингі «Сбербанк Қазақстанды» сатып алмақшы. Қазір келіссөздер жүріп жатыр. Санкциялық шектеулерге байланысты «Сбербанк Россия» Қазақстандағы филиалын сату туралы шешім қабылдапты.

Дегенмен, банктің лицензиясы, өтімді активтері, несие портфелі бар. Сатылған күннің өзінде Қазақстанда жаңа банк пайда болмайды, тек акционері өзгереді дейді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы. Ал «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің жалғыз акционері-Қазақстан Үкіметі. Яғни, келіссөз нәтижелі аяқталса, банк мемлекет меншігіне өтеді. Санкцияға байланысты "Сбербанктің" Қазақстандағы бөлімшелерінің жұмысы бұған дейін шектелген болатын. Шетел валюталарында операциялар жүргізуге тыйым салынды. Ал салымшыларына қаржыларын 12-ші шілдеге дейін басқа банкке ауыстыра алатыны жөнінде  айтылған болатын.

Мәдина Әбілқасымова, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы:

- Қазіргі кезде «Сбербанк Қазақстанды» сату мәселесі талқыланып жатыр. Бұл банк «Сбербанк Ресейдің» еншілес ұйымы екені белгілі. Аталған банк санкция тізіміне енгізілген болатын. Сату тұрғысында «Бәйтерек» холдингімен келіссөздер жүргізіп жатыр. Егер мәміле жасалса, меншік құқығы, яғни акциялардың 100 пайызы сатып алушыға беріледі. Бұл жаңа банктік лицензияны талап етпейді, жаңа банк пайда болады дегенді білдірмейді, жай ғана акционері өзгереді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде