{metadescription}
Вейптердің акцизі 70 пайызға қымбаттайды
Вейптердің акцизі 70 пайызға қымбаттайды

Вейптердің акцизі 70 пайызға қымбаттайды

Қыздырылатын шылымдардың акцизі бірден 70 пайызға қымбаттайтын болды. Темекенің осы түріне салықты көбейту жөніндегі құжатты бүгін Сенат мақұлдады. 

Осылайша Парламент жасөспірімдер мен мектеп оқушыларының қызығына айналған электронды шылым, вейптердің саудасын азайтуды көздеп отыр. Әйтпесе қазір қыздырылатын темекіні әр дүкеннен еркін сатып алуға болады. Құны 1000 теңгеден басталады. Елімізде темекіге және қыздырылатын темекіден жасалған бұйымдарға акциздер әртүрлі есептеледі екен. Темекіге салық мың данаға есептелсе, қыздырылатын темекінің келісіне төленеді. Енді жауаптылар қыздырылатын темекінің акцизін қымбаттату арқылы, жастар мен жасөспірімдерге қолжетімсіз қылмақшы.

Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Еуразиялық Экономикалық Одақ шеңберінде келісімді орындау үшін темекіге арналған акциздердің мөлшерлермелерін кезеңкезеңімен ұлғайту ұсынылады. Сонымен қатар темекі өнімдерінің басқа түрлері бойынша акциздерді кезең-кезеңімен ұлғайту ұсынылады. Қызыдырылатын темекісі бар бұйымдарға акциз мөлшерлемелерін темекіге акциз бойынша 70 пайыз деңгейінде белгілеу. Сондай-ақ өлшем бірлігін данаға өзгерту ұсынылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде