Жарты жылдан бері жалақысыз жүр
Ақтөбе облысында шойын жол жұмысшылары жарты жылдан бері жалақыларын ала алмай жүр. Жекеменшік депо өз қызметкерлеріне қазірдің өзінде 15 миллион теңге қарыз.
Автор: Жаңалық Ахаш
23.06.2022
Компанияның тапсырыссыз отырған бір күні жоқ- дейді теміржолшылар. Бірақ айлыққа келгенде тарығып қалады деп ашулы жұмысшылар. Бұл мәселеден аудан әкімдерінен бастап, құзырлы органдардың бәрі хабардар. Былтыр да осы компанияның басшысынан жалақыны мәжбүрлеп алып берген. Енді қарамағындағылардың еңбекақысын тағы да уақытылы бермей зарықтырып қойғаны үшін қылмыстық жауапқа тартылатын болды.
Талғат Есқарин, Ақтөбе облыстық Еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары:
- Берешек жалақылары бойынша қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалған. Енді біздің тексеріс қортындысы бойынша ұйғарым беріліп, айыппұл салынуы мүмкін. Сосын орындамаған жағдайда сот орындаушыларға материалды береміз мәжбүрлеп өндіру үшін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!