{metadescription}
Жалдамалы тұрғын үйлер үгітіліп жатыр
Жалдамалы тұрғын үйлер үгітіліп жатыр

Жалдамалы тұрғын үйлер үгітіліп жатыр

Шымкентте әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға берілген жалдамалы тұрғын үйлер үгітіліп жатыр. Сыртын сайдингпен қаптап қойған бұл баспаналарда өмір сүруге тұрғындардың өзі қорқатын болған. Жаңбыр суы қабырғадан өтіп, пәтер іші көгеріп кеткен. Кіре берістегі қыш тақталар қирап, жедел саты жиі бұзылады дейді жиналғандар. Ал, қалалық құрылыс басқармасы бар кемшілікті бір айдың ішінде бүтіндейміз деп уәде берді.

9 қабатты бұл үйлер пәтер кезегінде тұрған отбасыларға 4 жыл бұрын беріле бастаған. Қазір бір ықшам ауданның өзінде осындай 46 үй бар. Көпшілігінің тұрғындары есікті аттағаннан-ақ өкініп қалдық дейді. Себебі су жаңа үй деген аты болмаса подъезден кіргеннен көңілдері күпті болған. Сырты сайдинпен қапталған соң бүтін көрінгенімен, іші қирап жатыр дейді жиналғандар. 

Гүлнұр Орманова, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Біз көшіп келген жылдары 2018-де көшіп келдік, бір айдан кейін застройщиктің өкілі бізден үйдің бүкіл кем-кетіктерін жазып алған. Межкомнатный есіктердің қисықтығы, терезелеріміздің арасынан су өтетіндігі, полымыздың үгітіліп жатқанын ол кісі жазып алған бір ай ішінде орнына келтіреміз деп. Сол 2018 жылы. Жоқ, істелінген жоқ. Айтылған уәде 4-5 жылға өтіп бара жатыр.

Құрылыстың сапасыз салынғанын айтып тұрғындар талай мәрте шағымданған. Бірақ ешкім міз бақпады дейді жалдамалы пәтер иелері. Бұл жолы тұрғындардың шуын естіп жеткен шенеуніктер әбден шаршады. Өйткені тұрғындар жағымсыз иіс басып жатқан жертөлелерді жетектеп жүріп көрсетті.  Подъездегі әр тесік пен қирап тұрған дүниелерді көзге шұқып,  қауіпті лифтіге дейін кіргізді.

Мынаң қараңыз біреулердің есігін ашасың ғой, ашқан кезде счетчик тұр ғой, иә? Біреулерінде счетчик мына жерде тұрады. Амал жоқ, мына жерден кеседі. Сметада осындай ма? Енді мына жерге тұрыңыз, мына жерге тұрсаңызшы. Тұрыңыз дейм осы жерде, көресіз. Енді осы жерде мынандай бала тұрса не болады? Міне көрдіңіз ба, датчик істемейді.

Жауаптылар үйді салған мердігер мен пәтер иелері кооперативінің  өкілдерін шақыртып у-шу болды. Шенеунік осыған дейін еш жауаптының бас сұқпады дегенінін де үйдің сапасыз салынғанын да жоққа шығарды. Бірақ, бірер күннен қалдырмай бүлінгенді бүтіндейміз деп отыр.

Нұржан Оразбаев, Шымкент қалалық Құрылыс басқармасының бас маманы:

- Қазіргі интервьюда бір ай мерзім деп сіздермен келісілді. Жалпылама тұрғындармен келісілді. Енді осыны бүгін емес, ертең мердігер шығып барлық кемшіліктер бойынша акт түзіп, астыда қанша уақыт мерзімде орындайтынын көрсетіп сол мерзімде орындалмаған жағдайда ары қарай сотқа талап етіп береміз.

Демек төрт жыл бойы жасалмаған жұмыстар бір ай көлемінде бітеді дейді жауаптылар. Ал мұндағы 46 көпқабатты үйді оншақты мердігер салған екен. Жөндеу жұмыстарына кепілдік беріп, сөзінде тұрмаған екі компанияны  құрылыс басқармасы сотқа берген. Сондықтан, тұрғындардың мәселесі тез арада шешілмесе, тағы бір мердігердің басына бұлт үйіріледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде