{metadescription}
Жамбыл облысында сел жүрді
Жамбыл облысында сел жүрді

Жамбыл облысында сел жүрді

Жамбыл облысында сел жүріп бүтін бір ауылды шайып кете жаздады. Таудан аққан екпінді су елді-мекенге лап қойып, қораларды қиратты. Тұрғындар зардап шеккен жоқ, бірақ мал шығыны бар. Қазір өлген төрт түліктің саны есептеліп жатыр.

Үлкен Сұлутөр ауылы бұрын соңды көрмегенді көрді. Тоқтаусыз жауған бұршақ аралас жауынның соңы селге ұласқан. Таудан аққан топан су етектегі елді мекенді шайып кете жаздады.

Мына суды көрдіңдер ме? Мәссаған!

Мына кадардан жағдайдың қаншалықты күрделі болғанын аңғару қиын емес. Атқақтап аққан екпінді су аулаларды шайып өтті. Ал кей тұрғындардың қора-қопсысы талқандалып, ішіндегі төрт түлігі де қырылып қалған. Қазір малдың шығыны есептелуде.

Мынау Фариданікі, үстінде точкасы бар.

Ырғайты өзені 11 адамды ағызып әкете жаздады. Әп-сәтте судың деңгейі көтереліп, ортадағы аралда демалушылардың алтауы қалып қойған. Олар көмек жеткенше түн жарымға дейін талдың басына шығып отырыпты. Сөйтіп құтқарушылар келіп, бәрін жағаға алып шықты. 

Бір, екі, үш тарттарт, жіберіңіз. Болды.

Сәл кешіккенде қайғылы жағдай болуы мүмкін еді. Ал төтеншеліктер қазір жағдай бақылауда, құдай сақтағанда адам шығын жоқ дейді.

Ералы Ақылбеков, Жамбыл облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Ауылдың жол төсемін су басты, сондай-ақ су ағыны салдарынан жеке тұрғын үйдің шаруашылық нысаны зақымдалды, қаза болғандар мен зардап шекендер жоқ.

Бересми мәліметке сүйенсек, сел егістік алқаптарын да шайып өткен. Шаруалардың қанша шығынға батқаны әзірге белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде