{metadescription}
Көлсайға апаратын жолды да су шайып кетті
Көлсайға апаратын жолды да су шайып кетті

Көлсайға апаратын жолды да су шайып кетті

Алматы облысында да нөсер жаңбырдан соң сел жүріп, Көлсай ұлттық паркіне апаратын тас жолды су шайып кетті. Кеген ауданындағы бірнеше елді мекендегі үйлерді лай су басқан. Зардап шеккен ауылдар түннен бері тазаланып жатыр. Тас жолды қалпына келтіру жұмыстары да жүргізілуде. Ал, өзендердегі су деңгейі айтарлықтай төмендеген.

Су алып кетті бәрін...

Селден әсіресе Түменбай ауылы қатты зардап шеккен. Тұрғындарды эвакуациялау аса қажет болмады дейді атқамінерлер. Аяқ астынан абдырап қалған жұрт құм толтырылған қаптармен үйлерін қоршағанымен, қарқыны қатты қызыл су шайып өткен. Көшкін көшелерді көл қылғанымен қоймай, тіпті үйлердің аулаларын да саз балшыққа толтырды. Төтеншеліктер ауылды балшық пен тастардан түні бойы тазартқан. Қазір Көлсай көлдеріне апаратын жолды ретке келтіріп жатыр. Онда қосымша қоршаулар мен белгілер орнатылған. Жұмыс толығымен аяқталып, тексерістен өткеннен кейін ғана жол  ашылмақ.

Рамиль Мақпіров, Кеген аудандық ТЖБ бастығы:

2022 жылы 23 маусымда қысқа мерзімді және нөсерлі жаңбырдың салдарынан Алматы облысының Кеген ауданында жаңбыр суларының көлбеу ағысы орын алды. Нәтижесінде Түменбай ауылы Ақшоқов көшесінде су 11 үй учаскесінен өтті. Болған оқиғадан қаза болған адамдар және бұзылған ғимараттар жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.