Алматы көшелері көлкіген көлге айналды
Ал Алматы көшелері айналдырған бір сағат ішінде көлкіген көлге айналды. Толассыз жауған жаңбырдан жаяу түгілі, қоғамдық көліктер жүре алмай қалды.
Автор: Жаңалық Ахаш
24.06.2022
Түс ауа басталған нөсер жауын салдарынан автобус та, жеңіл көлік те жүре алмай қалды. Амалы таусылған кейбір тұрғындар балтырдан келетін суды кешіп жүруге мәжбүр болды. Жол бойында су толы арыққа құлағандар да бар. Осы жаңбырдың кесерінен троллейбустың электр сымына ылғал тиіп, от тұтанған. Жүргізуші айналасындағы көлкіген суды шелекке толтырып өзі өшірмек болыпты. Ал сауда орталығында жүрген халықты дереу сыртқа шығаруға тура келді. Өйткені нөсерден ғимараттың төбе жабындысы тесіліп, шатырдан ішке су сорғалады. Қаншалықты шығын келгені әзірге белгісіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!