{metadescription}
Алматыда 15 жастағы баланың өлі денесі табылды
Алматыда 15 жастағы баланың өлі денесі табылды

Алматыда 15 жастағы баланың өлі денесі табылды

Алматыда із-түссіз жоғалған 15 жастағы бала өлі табылды. Полицияның мәліметінше, жеткіншек өзінің досының қолынан ажал құшқан. Қамауға алынған 16 жастағы күдікті қылмысқа екеунің арасындағы келіспеушіліктен барғанын мойындады.

Баланың хабар-ошарсыз кеткенін ата-анасы полицияға күні кеше хабарлаған. Арада бір тәулік өтпей жасөспірімнің мәйіті Кеңсай зиратының маңындағы саяжайдан табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болған. Іздеу жұмыстарына жұмылып, баланы тапқан еріктілер 15 жастағы Тимурдың басында және мойнында соққының іздерін көргендерін айтты. Олардың болжамы бойынша жасөспірімді алдымен басынан қатты затпен ұрып кейін жіппен қылқындырған. Ал екі баланың арасындағы кикілжіңге күдіктінің досының үйінен ақша ұрлауы себеп болуы мүмкін. Қазір тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ПД ресми өкілі:

Қазіргі сотмедициналық сараптама тағайындалды. Баланың өлімінің себебін анықтау мақсатында. Қылмысты жасады деген күдікпен оның 2006 жылы туылған танысы ұсталды. Өз кінәсін толығымен мойындады. Оның айтуынша, екеуі бір-бірімен ұрысып соның нәтижесінде ол оны өлтірген болатын. Қазіргі таңда тергеу амалдары ҚК 99-бабы бойынша тергелуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде