{metadescription}
Cуға ағып кеткен бала табылмай жатыр
Cуға ағып кеткен бала табылмай жатыр

Cуға ағып кеткен бала табылмай жатыр

Батыс Қазақстан облысында суға ағып кеткен 8 жасар бала табылмай жатыр. Шалқар өзенін ондаған адам қайықпен сүзіп, жағалауды салт аттылар кезіп жүр. Тіпті өзен үстін тікұшақпен бақылауда.

Суға ағып кеткен балақай Шалқар өзенінде үрлемелі резеңке матраспен жүзіп жүрген. Кенет жел тұрып, оны жағалаудан алысқа ағызып әкеткен. Мұны көрген атасы артынан суға сүңгиді. Немересін құтқармақ болған 65 жастағы азамат түн жарымында жағаға жүзіп шыққан. Ал, бала сол күйі табылмады. Қазір сүңгуірлер су астын, құтқарушылар мен еріктілер жағада жабылып іздеп жатыр.  Әзірге, тек үрлемелі матрас қана табылған. Құтқарушылар сол күні жел қатты соғып, су толқыны 5 баллға жетті деп отыр. Мұндай жағдайлар өзенде соңғы кездері жиі қайталанып жүр екен.

Рашид Нұрғалиев, БҚО ТЖД  жедел-құтқару отряды бастығының орынбасары:

Үрленген резеңке матрацтар өте қауіпті. Жел тұрса, ие болу қиын. Бірден,жағадан  алысқа алып кетеді. Оның үстіне желдің бағыты өзгеріп отырады. Бұл кезде қай жаққа кетіп қалғаныңды айыру қиын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.