Нұрлан Мәсімов туралы мәліметке сыйақы беріледі
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы берілетіндігін Қазақстандықтардың есіне салды. Іздеуде жүрген күдікті жайында ақпарат берген адамдар 12 миллион теңге алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарламаның құпиялылығына кепілдік береміз деп отыр. Екі айдан бері іздестіріліп жатқан Нұрлан Мәсімовтің қайда екенін білетін адамдар агенттіктің экранда көрсетілген нөмірлеріне хабарласа алады.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
24.06.2022
Айтып өтейік, Нұрлан Мәсімов Павлодар облысының полиция департаментін екі жылдан аса уақыт басқарды. Биыл қаңтарда ол қызметінен босатылды. Ал 22-ші сәуірде аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен оған іздеу жарияланды. 1973 жылы туған Нұрлан Мәсімов бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, қазір қамауда отырған Кәрім Мәсімовтің немере інісі. Үлкен Мәсімовке «Мемлекетке опасыздық жасады», «билікті күшпен басып алуға және қызметін асыра пайдалануға әрекет жасады» деген кінә тағылған. Қылмыстық ісі «өте құпия» белгісімен тергеліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!