Алматыда газ құятын бекет жетіспейді
Алматыда екі газ құятын бекет жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылды. Соның кесірінен автобустар таңның атысы кештің батысы бекет алдында ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр. Жүргізушілер күнделікті бағытымызға уақытылы шыға алмаймыз деп мұңдарын шақты.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
24.06.2022
Қаладағы газ бекеттерінің алдында апта басынан бері дәл осындай қарбалас. Қоғамдық көліктер сұйылтылған газ құю үшін бірнеше шақырымдық кезекте тұрады. Соның салдарынан шаһар ішінде кептеліс пайда болған. Қаз-қатар тізілген автобустардың кесірінен басқа жолаушылар да діттеген жерімізге әрең жетеміз деп қапалы. Ал әкімдіктегілер қалада газ тапшылығы жоқ екенін жеткізді. Мұндай кезек қаладағы газ құю бекеттерінің аздығынын туындаған деп отыр. Осы олқылықты жою мақсатында бекет санын көбейтпекші.
Абылайхан Омархан, Алматы қалалық мобильділік басқармасының бөлім басшысы:
- Шілденің 15-і "Автогаздың" бір бекеті қайта іске қосылатын болады. Жөндеу жұмыстары аяқталып, жұмысқа қосылатын болады. Алматы қаласы әкімдігінен бүгінгі таңда жер тарапы бөлінген. Алдағы уақытта біз жаңа екі газ құю бекетін салуды жоспарлап отырмыз. Ол жұмыстар келесі жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!