{metadescription}
Балабақшалар үшін лицензия қайтарылады
Балабақшалар үшін лицензия қайтарылады

Балабақшалар үшін лицензия қайтарылады

Балабақшалар үшін лицензия қайтарылады. Жаңа талап келер жылдан бастап енгізілуі мүмкін. Оған дейін Оқу-ағарту министрлігі құжатты парламентке бекіттіріп алмақшы. Бизнес өкілдерінің наразылығына қарамастан, ведомство ережені кейінге қалдыруды жоспарлап отырған жоқ.  

Лицензиялаудан жекеменшік те, мемлекеттік балабақшалар да өтуі тиіс. Өйткені, соңғы кезде бөбектерді таяқпен тәрбиелейтін жағдай жиі қайталанып жүр. Депутаттар білім ұйымдарында күмәнді істер көбейгенін алға тартып, мораторийді алып тастау керектігін ұсынған болатын. Бұған мемлекеттен тапсырыс алып, кәсібін дөңгелетеп отырған жеке балабақша иелері қуанып отырған жоқ. Лицензия алу үшін талаптар жеңіл емес. Ал оның бәрін реттеу қосымша шығын. Яғни бейнебақылау, өрт қауіпсіздігі, тәрбиешілердің біліктілігі міндетті түрде сұралады. 

Асхат Аймағамбетов, ҚР Оқу-ағарту министрі:

- Лицензияны қайта жандандыру немесе қайтарып алу туралы бастамаға қоғамның пікірі екіге жарылып тұр. Оны көріп, естіп жүрсіздер. Он жыл бұрын біз балабақшалардың санын көбейту үшін, лицензиядан бас тартып едік. Ол миссия орындалды. Енді жалпы ережені қайтару керек. Бұл көптеген шетелдерде бар. Одан қорқудың қажеті жоқ. Адам қорқатындай талап жоқ. Мұндай тексеріс жекеменшік мектептерде де бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде