{metadescription}
Ойын алаңын қиратып тастады
Ойын алаңын қиратып тастады

Ойын алаңын қиратып тастады

«Таразға тарту» жобасы түгі қалмай талқандалды. Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен салынған ойын алаңының құрылысын жүргізген мердігер, оны қайта қиратып тастады. Өйткені әкімдік келісілген соманы бір жыл бойы бермей, кәсіпкерді сенделтіп қойған. 

Темірхан Қолхаев, кәсіпкер:

- Міні ертең істеп берем. Арғы күні деп келеді. Уже бір жыл болды. Әкім ауысып кетті. Облыс әкімі ауысып кетті. Білмейміз енді не істейміз. Облыс әкіміне кірдік айттық. Ауданның жаңа әкіміне де айттық жаңа әкімге. Еркекше бізге айтсын шығып. Мынандай кезде беріміз жігіттер деп.

Бұл балалар алаңқайын былтыр «Таразға тарту» жобасы аясында Меркі аудандық әкімдігі тұрғызып берген. Құрылысты жергілікті кәсіпкер жүргізіпті. 15 адам жұмылдырылған. Жұмсалған сомма 18 миллион теңге. Енді сол қаражаттың 6 миллион теңгесін қайтара алмай жүр. Ызаға булыққан мердігер ақшасын ала алмағасын, балалар игілігі үшін салған жобасын амалсыз қиратып тастады. Меркі аудандық әкімдігі бұл жоба демеушілердің көмегімен жүзеге асырылды, әрі оның қарызы бойынша міндеттеме бізге жүктелмейді деп хатпен жауап берді. Оның үстіне шенділер, мердігердің әрекетін бұзақылыққа балап отыр. Соған қарағанда қос тараптың тартысы сотқа жететін түрі бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.