{metadescription}
Ағын зудың азабы
Ағын зудың азабы

Ағын зудың азабы

Көгермей көктей солып жатыр. Таразда бүтін бір ауыл тұрғындары ағын суға жарымай қиналып отыр. Соның кесірінен бақшадағы көкөністері мен жеміс ағаштары жаппай қурап кеткен. Бұқара бұл жағдайға артық қыламын деп тыртық қылған құрылыс компаниясын айыптайды. Өйткені мердігер жөндеу жұмыстары барысында каналдың табанын көтеріп жіберіп, тамшы су ақпай қалған.

81 жастағы зейнеткер жалғыз өзі тұрады. Кейуана көкөніс өсіруді ермек еткен. Бірақ ол былтырдан бері сүйікті кәсібінен амалсыз бас тартыпты. Өйткені ағын су тапшы деп отыр. Қазір сол тіршілік нәрінің жоқтығынан жеміс ағаштары да қурай бастаған.

Міне, қараңыздар. Су жоқ. Барлығы жоқ..

Бау-бақшасы қурап, қиындыққа тап болған бұл кісі ғана емес. Қала іргесіндегі Қарасай ауылы тұрғындарының тең жарымы ағын суға жарымай отыр. Бұған дейін де су тапшылығы болған екен, ал биыл жағдай тіптен ушыққан. Тұрғындар бар кінә құрылыс компаниясында дейді. Өйткені олар  каналдың айналасын абаттандырамыз деп арнаның табанын биіктетіп жіберіпті. Соның кесірінен арықтан су көтерілмейтін болған.     

Рая Қойшығұлова, Тараз қаласының тұрғыны:

- Арықта су болмағасын, үйімізде де су жоқ. Көмектесіп бізге су берсін. Қаңсып тұр мына ауылдың бәрі. Өріктеріміздің бәрі солып қалды. Ешқандай бақшада жеміс болып жатқан жоқ.

Кей тұрғындар ауладан құдық қазып, сол арқылы амалдап бақшасын суғарады. Бірақ ондағы су бірде бар, бірде жоқ көрінеді. Ал шу шыққан жерге алып-ұшып жеткен билік өкілдері бұқараны жұбатқандай болды.

Мақсат Нұржанов, Тараз қалалық ТКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

- Каналды тазалайтын мердігер бар сол каналдың жағалауын бұзып кетті дейді. Қазір мердігермен сөйлесейік, не үшін қазып кеткенін. Енді олар да білмей қазып кеткен шығар. Сол адамдарды шақыртып, қарастырайық. Келесі аптада осы жерге жинап, сол мәселені шешеміз деп ойлап отырмын.

Тұрғындар бір жолға шенеуніктің сөзіне сеніп тарқасты. Ал бір аптада шаруа шешілмесе, облыс басшысынан көмек сұрамақшы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде