Үндістандық студенттердің денесі әлі табылмады
Ал Түркістан облысында суға ағып кеткен шетелдіктердің денесі іздестіріліп жатыр. Үндістаннан келген екі студент достарының көзінше батып кеткен.
Автор: Бек Әбиев
27.06.2022
- Табиғаттың күшімен ойнауға болмайды. Міне, үндістаннан келген жігіттер. Суға түсеміз деп жоғалып кетті. Енді олардың денесін іздеп жатыр.
Оқыс оқиға Төлеби ауданындағы Ақсу шатқалында болған. Табиғат аясына демалуға шыққан үндістандық студенттердің екеуі белгісіз жағдайда өзенге құлап, қатты ағыс алып кеткен. Екі күннен бері іздестіріліп жатқан екі жігіт те Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының студенттері. Екеуінің де жасы 21-де. Іздестіру жұмыстарына құтқарушылар, полиция және ерікті жастар тартылған. Мамандар жігіттердің тірі қалуы екіталай деп отыр. Өйткені ағысы қатты асау өзенде іздеу шараларын жүргізудің өзі оңай болмай жатыр екен.
Ерік Сарыбаев, Түркістан облыстық ТЖД бастығының орынбасары
- Іздестіру жұмыстарының нәтижелі болуына, каньондағы шатқалдар және тік құздардың болуы қиындықтар туындатуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!