{metadescription}
Дүлей дауылдан кейінгі шығын есептеліп жатыр
Дүлей дауылдан кейінгі шығын есептеліп жатыр

Дүлей дауылдан кейінгі шығын есептеліп жатыр

Ақмола облысында дүлей дауылдан келтірілген шығын көлемі есептеліп жатыр. Табиғаттың тосын мінезінен Біржан сал және Бұланды аудандарында бірнеше елді мекен электр жарығынсыз қалды. Сондай-ақ екпінді жел үш мектептің шатырын ұшырды. 

Шатыры ашылып кетті.. Терезе залға дейін ұшты. Масқара..

Секундына 30 метр жылдамдықпен соққан дүлей дауыл әп-сәтте бірнеше ауылды астан кестең еткен. 38 жер үй мен 3 мектептің шатырын жұлып әкетті. Тұрғындар 4 сағат бойы далаға шыға алмапты. Өйткені, көшедегі ағаштар тамырымен құлап, электр бағаналары қираған. Салдарынан өңірдегі 28 ауылдың тұрғыны жарықсыз қалды. Әйтеуір, мал да жан да аман. Екі күннен бері мамандар үзілген желілерді жалғап, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Дегенмен трансформаторы бүлініп, жөндеуі күрделі ауылдағы тұрғындар әлі де түнекте отыр.

Қайрат Қасым, Ақмола облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Қазір жергілікті атқару органдары шыққан шығынды есептеп,азаматтарға дауылдан кейін бұзылған мүлікті қалпына келтіру үшін қаржы көздерін қарастырып жатыр.Кімге қандай көмек берілетінін арнайы комиссия анықтайтын болады. Ал электр  жарығынсыз отырған  Бұланды ауданындағы  Партизанка,Ивановка ауылдарында жөндеу жұмысы бүгін аяқталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде