{metadescription}
Алматыда босанған келіншек екі күннен соң көз жұмды
Алматыда босанған келіншек екі күннен соң көз жұмды

Алматыда босанған келіншек екі күннен соң көз жұмды

Алматыдағы маңдайалды перинатологиялық ғылыми орталықта босанған келіншек екі күннен соң көз жұмды. Марқұмның туыстары қыздарының қазасына дәрігерлердің салғырттығы себеп деп  отыр. Айтуларынша Александра Исламованың жағдайы кесарь тілігімен босандырғаннан кейін күрт нашарлапты. Яғни ішінен қан кетіп, көкбауырын алып тастаған. Тіпті қайта ота жасау кезінде бүйрегі мен бауыры жұмыс істемей қалыпты. Бала босанамын деп бақилық болған келіншектің туыстары кінәлілердің жазаланғанын қалайды.

Александра Исламованың үшінші жүктілігі 9 ай бойы қалыпты өтіпті. Айы-күні жетіп, жоспарлы түрде Алматыдағы үздік перинатологиялық орталықтың біріне барған. Сөйтіп 22 маусым күні 30 жасар келіншек Кесарь тілігімен қыз баланы дүниеге әкеледі. Артынша сүйінші сұрап үлгерген жас ананың туыстарымен байланысы үзіліпті.

Марқұмның анасы:

- Маған звондады. Мам, операциядан шықтым. Барлық жерім ауырып жатыр. Анестизолог жапжас. Уколын зорға қылды. Үш рет зорға қылды жылатып мені деді. Мен сондай жаманмын. Как будто у меня вся кишки вырвали деді. Мейлі кейін звондаймын деді. Больше я ее на связи не слышала 31:52 Келесі күні өзіміз келіп, тақылдатып, бақырып, шақырып келіп біз зорға сағат 2-де дәрігерді шақырып білдік.

Осылайша марқұмның ауыр халде екенін келесі күні  ғана білген. Оның өзінде ішінен қан кетіп, дәрігерлер ота жасауға қайта әкеткелі жатыпты. Алайда себебін ашып тағы айтпады деп ашынады туыстары.

Евгения Орашенко, Марқұмның әпкесі:

- Екі күннен бері бірде бір дәрігер келіп, сіңілімнің жағдайы туралы ақпарат бермеді. 23 маусым күні сағат 3-ке таяу тігілген ішінен қан кетіп жатыр деп қайта отаға дайындап, кешкі 9-да бір-ақ шықты. Жарты сағат өткеннен кейін дәрігерлер Александраның ішінде тамырлары жарылып, көкбауырынан қан кетіп жатыр деп ол мүшесін алып тастапты. 

Лезде жансақтау бөліміне жатқызылған келіншекке қойылған диагноз бұл ғана емес. Қан қысымы түсіп, тромбоциті азайып кеткен. Бүйрек пен бауыры жұмыс істемей қалған.

Евгения Орашенко, Марқұмның әпкесі:

- 24 маусым күні анама ғана кіруге рұқсат берді. Аппаратта көзі мен ерніне дәке танып қойған. Негізінен жасанды тыныс алу аппаратында аузына түтік пен маска болу керек екен. Ал 25-і күні бізге қайтыс болғанын хабарлады. Жарты сағатта жетіп, палатасына кірген кезде мәйіттің иісі тәулік бойы жатып қалғандай мүңкіп тұрды. Сонда сіңілімнің о дүниелік болғанын бізден жасырып, бір күннен кейін хабарлаған болып тұр. 

Қайғыдан қан жұтқан отбасы сап-сау келіншектің өліміне дәрігерлерді кінәләйді. Ал, ақ халаттылар Александраның орталыққа дені сау күйінде түскенін растап отыр. Яғни алдын ала барлық тексерістен өткізген.

Әлия Айымбетова, Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:

- 22.06.2021 ж. жүкті әйелде жатырда екі тыртық болуына байланысты жоспарлы кесарь тілігі операциясы жасалды. Операция техникалық жағынан ерекшеліксіз өтті. Босанғаннан кейінгі, операциядан кейінгі кезең күрделене түсіп, Орталықтың медицина қызметкерлері шұғыл шаралар қабылдады.

Өлімнің себебі патологиялық-анатомиялық  аутопсия нәтижелері бойынша белгілі болады.

Қазір Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан қайғылы жағдайға тексеру жүргізу үшін тәуелсіз сарапшылар тартылып жатыр. Арнайы комиссия құрылып, полиция департаменті де істі анықтауға кірісіпті.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ПД ресми өкілі:

- Медеу аудандық полиция басқармасының мәліметінше аталмыш дерек 10 маусымда бірыңғай соталды тергеу түрінде тіркеліп, қазіргі таңда сот медициналық сараптама тағайындалды. Соның нәтижесінде адамның нақты өлімінің себепсалдары анықталатын болады. Содан соң қылмыстық іс бойынша процессуалды шешім қабылданады.

Марқұмның артында күйеуі мен 3 баласы қалды. Жаңа туған нәрестесі бүгін  перзентханадан шығарылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде