{metadescription}
«Субсидия сергелдеңге салды»
«Субсидия сергелдеңге салды»

«Субсидия сергелдеңге салды»

Әкімдіктен бөлінетін субсидияның дер уағында берілмеуі Тараздағы жеке балабақша меңгерушілерінің ашуын туғызды. Үлестірілетін қаражаттың кешігуінен жағдайымыз қиындады деген бөбекжай басшылары, облыс әкімдігі алдында айғайға басты.

Медет Мәдібеков, кәсіпкер:

Күнде ертеңмен табалдырықты тоздырдық. Соңғы рет обланоға барғанымызда бізге 14 июнь күні бір аптада облыс әкімі шешімге қол қойып береді деді. Телефон арқылы хабарлассақ сіздердің қаулы әлі қаралған жоқ, былтырғы қаулы әлі қаралған жоқ, сіздер күтіңіздер, облыс әкімі қол қойған жоқ деді.

Шу шығарғандардың сөзінше, сәурдің 15 күні конкурс өтіп, мемлкеттік тапсырысты алатын балабақша тізімдері жасақталыпты. Меңгерушілердің айтуларынша, көп ұзамай әкімдіктің қолдау қаражаты қолға түсуі керек болған. Бірақ 60 күнен бері әлі жоқ дейді. Соның кесірінен жағдайымыз қиындап, қызметкерлерге жалақы беруден қалдық дегендер облыс әкімдігі алдына жиналды. Өйткені қаулыға аймақ әкімі Нұржан Нұржігітов қол қоюға қарсы екенін естіген. Ал, білім басқармасы бұл ақпаратты мүлдем теріске шығарады. Бейқұт Жаманкөзовтың сөзінше, қазір құжаттар әзірленуде. Бұл жұмыс әлі бір айға созылуы мүмкін дейді білім басқармасындағылар.

Бейқұт Жамангөзов, Жамбыл облыстық Білім басқармасының басшысы:

Қазір қаулы шығару процедурасымен айналысудамыз. Бұл жерде облыс әкімі қол қоймай жатыр деген жалған ақпарат. Неге десеңіз жұмысшы орган білім басқармасы болып табылады. Білім басқармасы жоспарлы түрде жұмыстарын жүргізуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде