{metadescription}
Семейде жаңа көпір салынатын болды
Семейде жаңа көпір салынатын болды

Семейде жаңа көпір салынатын болды

Семейде аппатты жағдайда тұрған ескі көпірдің орнына жаңа өткел салынады. Ол үшін республикалық қазынадан 33 миллиард теңге бөлінді.

50 жыл бұрын салынған ескі көпір әбден тозған. Өткелдің жақтаулары мен бетондары үгітіліп, бірнеше рет көлік құлап кеткен еді. Сондықтан салмағы екі тоннадан асатын техниканың көпірмен жүруіне тиым салынды. Дегенмен апатты деп танылған көпір келешекте, велосипед жолы мен жаяу жүргіншілерге арналып қайта жабдықталады. Ал, көліктерге арналған төрт жолақты жаңа көпірдің құрылысы үш жылда аяқталады деп жоспарланып отыр.

Жасар Түсіпов, Семей қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы:

Парламент Мәжілісінің өкілдері, сондайақ министрліктердің өкілдері өңірді дамыту жоспарын талқылады.  Оның ішінде жаңа көпірдің құрлысын жүргізу шешімін тауып отыр. Сондайақ,  жапондық  мамандар аспалы көпірдің техникалық жағдайын тексеретін болды.  Зерттеу жұмыстары арнайы  талаптарға сәйкес жүргізіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.