Жол апатынан бір адам тірідей жанып кетті
Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан бір адам тірідей жанып кетті. Тағы екі азамат ауруханада жатыр.
Автор: Руслан Әбдіхалық
28.06.2022
Қайғылы жағдай кеше түнде қаладан 30 шақырым жерде болған. Жүйіткіген Тойота жүк машинасына соғылған. Салдарынан жеңіл көлік отқа оранып, салонда қысылып қалған бір жолаушы тірідей өртеніп кетті. Ал осы лапылдаған оттың арасынан жүргізуші мен тағы бір жолаушы шығып үлгерді. Қазір ол екеуі ауруханада жатыр.
Жасқайрат Қайыров, Павлодар облыстық ПД бастығының орынбасары:
- Тойота автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі алдында келе жатқан Камаз көлігімен соқтығысқан. Тойота өртенді. Жол көлік оқиғасы салдарынан Тойота ішіндегі 36 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!