{metadescription}
Қаржы пирамидасынан зардап шеккендер мұң шақты
Қаржы пирамидасынан зардап шеккендер мұң шақты

Қаржы пирамидасынан зардап шеккендер мұң шақты

Ақтөбеде қаржы пирамидасынан зардап шеккендер сот процесінің барасына көңілі толмай отыр. Олар қамауда отырған 31 сотталушыны үй қамаққа не үшін жібергендерін білмей дал. Тергеу барысында оларға 30 миллиард теңгеден астам ақшаны алдап алды деген айып тағылған еді. Енді жәбірленушілер тағы да тақырға отырып қалмаймыз ба деп алаңдаулы.

Ақтөбеде төрт бірдей қаржы ұйымын құрып, 17 мыңнан аса адамды сан соқтырып кеткендердің ісі әдеттегідей сот ғимаратында өтіп жатқан жоқ. Бұрынғы қоныс колониясының үлкен залын осы процесс үшін әзірлеген. Себебі, 48 сотталушы мен жәбірленушілерді соттың шағын бөлмесіне сыйдыру мүмкін емес. Адвокаттардың өзі алпыстан асады. Дегенмен, кейбір ішке кіре алмаған жәбірленушілер сотқа өкпелеп те жүр.

Шара Мұратәлиева, жәбірленуші:

Жүгірмейақ қоятын бермейтін болса. Қайта-қайта не істеп өздері дәмелендіріп отыр ғой бізге. Келіп тұрыңдар, хабарласып тұрыңдар, решение шыққан уақытта міндетті түрде келіңдер деді. Енді кіргізбей тұр ғой. Өздері іште, сот болып жатыр.

Жұртты алдап ақшасын қаққан төрт пирамида - «Грант24 ломбард», «Эстейт Ломбард», «Нұр-Әли капитал», «Выгодный займ» ұйымдары бір-біріне байланысты. Сондықтан сотта да бірге қаралап жатыр. Жақында қамауда отырған 31 сотталушыны судья үй қамаққа жіберген. Мұны естіген жәбірленушілер, ақшадан қағылып қана қоймай, алдап кеткендер енді жазасыз қала ма деп қорқады.

Евгения Гановская, жәбірленуші:

Жәбірленушілердің арасындағы белсенділері қазір қорқып жүрміз. Сотталушылар үй қамаққа жіберілген соң өмірімізге қауіп төндірмей ме деп. Олардың ақшасы көп екені белгілі. Қамаудан шыққан соң кез келген жәбірленушіге қысым көрсете алады ғой.

Соттағылар болса қамаудан босатылғандардан қорқып, күдіктенудің қажеті жоқ деп сендіреді. Олар үй қамаққа шыққанымен, жүріп-тұруынан бастап біраз шектеу қойылған екен. 

Гүлжанар Отарбаева, Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы:

Күзетпен ұстаудың 12 айлық мерзімі өткеннен кейін сот сотталушыға бұлтартпау шарасын үй қамаққа алу немесе өзге де бұлтартпау шарасы ретінде өзгертуі тиіс. Осыған байланысты сот қаулысымен 31 сотталушыға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қылмыстық істің мәні бойынша қарағанға дейін үй қамақ түріндегі бұлтартпау шарасына өзгертілді.

Пирамидалық ұйым мүшелері деп танылғандардың көбісі өзге аймақ тұрғындары. Сондықтан үй қамаққа шықан сол сотталушыларға Ақтөбенің әкімдігі уақытша тұратын баспана берген. Ол үй күні-түні күзетте болады. Ал осы атышулы сот процессі бір ай көлемінде аяқталып, үкім шығуы керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде