{metadescription}
Қаржы пирамидасын жарнамалағандар жазаланады
Қаржы пирамидасын жарнамалағандар жазаланады

Қаржы пирамидасын жарнамалағандар жазаланады

Қаржы пирамидаларын жарнамалағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бүгін Сенат қаржы пирамидасының қызметін қатаңдататын өзгертулері бар заң жобасын қабылдады. Біреудің жиған-терген ақшасын алдап алуға әрекеттенгендер жеті жылға дейін темір торға қамалады.

Андрей Лукин, Сенат депутаты:

Жаңа құжат қаржы пирамидаларын ұйымдастырудың алдын алып, оларды жарнамалауға ниеттілерге тосқауыл қояды. Қаржы пирамидалары келтірген залалдың өсуін ескере отырып, жазаны қатаңдату қаржы пирамидаларын жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу қазіргі шындықта ақталған болып саналуы мүмкін.

Расымен де, соңғы кездері оңай олжаға кенелемін деп, қаржы пирамидаларының құрығына түсіп жатқандар саны еселеп өскен. Аңқау елді блогерлер де тез баюға шақырып жүр. Қаржы мониторингі агенттігі Қазақстанда 38 қаржы пирамидасын анықтап, оның 31-нің жұмысына тосқауыл қойған. Бұл ұйымдарға 2800-дей адам алты жарым миллиард теңгесін салып жіберіпті. Жалпы дерек бойынша, елімізде 17 мың адам алаяқтарға сеніп, 27 миллиард теңгесінен айырылған. Сенаторлар бүгін түзеткен жаңа заң бойынша, пирамидаларға қаржы салуға халықты үгіттеп, жарнамалағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ. Жазасын айыппұл түрінде немесе қоғамдық жұмыстар істеп, айыбын өтей алады. Мұның барлығы қылмыстың ауырлығына қарай белгіленеді. Ал қаржы пирамидасын құрып, оған жетекшілік еткендер 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы бекуі мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде