{metadescription}
Бақыт Сұлтанов: «Экспорттың көлемін арттыру керек»
Бақыт Сұлтанов: «Экспорттың көлемін арттыру керек»

Бақыт Сұлтанов: «Экспорттың көлемін арттыру керек»

54 миллиард теңге. Отандық бизнесті жандандыру үшін Сауда министрлігі ел қазынасын тағы осынша көлемде қаражат сұрап отыр. Үкіметтегілер осылай шет ел асатын экспорттың көлемін арттырмақшы.

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов:  «Бұның барлығы бизнес өкілдеріне жайлы жағдай жасау үшін» деп түсіндірді. Өйткені соның нәтижесінде «Қазақстанда жасалған» тауарлар шет ел асып, жақсы табыс әкелуі керек. Отандық өнімді шекараның ар жағында жақсылап жарнамалау үшін әртүрлі халықарлық көрмелерді өткізу де жоспарда бар. Қаржының бір бөлігі соған жұмсалмақ. Бұндай әдіс 2019 жылдан бері жемісті жұмыс жасап келеді дейді Сұлтанов. Сауда министрлігің болжамынша, 2025 жылға қарай шикізаттық емес тауарлардың экспорт құны екі есе өсіп 49 миллиард теңгеге дейін жетуі мүмкін.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Сауда және интеграция министрі:

Біздің сұрап отқанымыз ірі мөлшердегі қаржы деп айта алмаймын. Себебі қайтарымы мол. Мысалы, былтыр біз шамамен осындай жұмыстарға 8 ,5 миллиард теңге жұмсасақ, нәтижесінде 178 миллион доллар экспорттық келісімшарт жасалды. Оның үстіне экспорттаушылар жыл сайын салық ретінде бюджетке 68 миллиард теңге қаржы түсіреді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде