{metadescription}
«Зейнет жасын қысқарту мәселесі талқыланып жатқан жоқ»
«Зейнет жасын қысқарту мәселесі талқыланып жатқан жоқ»

«Зейнет жасын қысқарту мәселесі талқыланып жатқан жоқ»

Зейнет жасын қысқарту мәселесі Үкіметте талқыланған жоқ. Премьер-министрдің орынбасары әрі Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бүгін осылай деп, әріптестерінің сөзін жоққа шығарды. Зейнет жасына қатысты мәселенің қаралып жатқанын бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі айтқан болатын. Тағы бір вице-премьер Ералы Тоғжанов та мәселе күн тәртібінде деген. Бірақ Жамаубаев мұның бәрінен бейхабар екен.

Ерұлан Жамаубаев, ҚР Қаржы министрі:

Тамара Қасымқызының не айтқанын білмеймін. Зейнет жасын қысқарту мәселесі көптен бері көтеріліп жүр, бірақ нақты талқыланып жатқан жоқ. Үкіметте талқыланған жоқ. Заң бар, біз соны орындаймыз.

Қаржы министрінің айтуынша, жыл сайын зейнетақы төлемдеріне ел қазынасынан 2 триллион теңгеден астам қаржы бөлінеді. Қос бірдей қызметті қатар атқаратын Ерұлан Жамаубаев өзінің де жалақы мөлшерін атады. Министрдің жалақысынан бөлек, оған вице-премьердің міндетін атқарғаны үшін де қосымша ақы төленеді екен. 

Ерұлан Жамаубаев, ҚР Қаржы министрі:

Жалақым шамамен  1,5 миллион теңге. Ал соның ішінде министр ретінде 1 миллион 300 мың  теңге аламын. Біз туралы сіздер бәрін білесіздер ғой. Тіпті қанша жалақы алатынымызды да. Жыл сайын мемлекеттік қызметкерлер декларация тапсырады. 2025 жылға қарай біздің республикамыздың барлық азаматтары өздерінің жыл сайынғы декларацияларын жариялайды. Сонда бәрі белгілі болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде