{metadescription}
Ақтөбе облысын шегіртке басуы мүмкін
Ақтөбе облысын шегіртке басуы мүмкін

Ақтөбе облысын шегіртке басуы мүмкін

Ақтөбе облысында бірнеше ауданды шегіртке басуы мүмкін. Зиянкестің шабуылына Шалқар, Ырғыз бен Әйтеке би ауданы дайындалып жатыр. Тіпті шаруалар күн-түн демей 312 мың гектар аумақты дәрілеуге кірісті.

Асылхан Әбтиев, Ақтөбе облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

Үш ауданда мана айтқандай барлық мамандар жұмыс істеуде. Қазіргі кезде бұл жұмыстар жалғасып жатыр. Жұмыстар міндетті түрде түн ортасында немесе кешке таман улану керек. Күндіз химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілмейді.

Биыл мамандар "италия прусынан" қауіптеніп отыр. Бұл шегіртке үйірімен ұшады. Жолында кездескен жасыл желекті жайпап, шөптен түк қалдырмайды екен. Әйтеке би ауданының егіншілері бидайын қорып әуреленіп жүр. Бұл жақтағы екі жүз мың гектар жер зиянкестер шабуылына тап болатын қауіпті аймақ деп белгіленген. Ырғызда жүз мың, ал Шалқарда 35 мың гектар алқапты мамандар қызылмен белгілепті. Қазір үйірлі шегірткенің жұмытқалаған орындарын химиялық қоспамен улап жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде