{metadescription}
Жалған хабарлама сот жұмысын тұралатты
Жалған хабарлама сот жұмысын тұралатты

Жалған хабарлама сот жұмысын тұралатты

Бүгін Ақмола облыстық сотында бірқатар іс қаралмай қалды. Өйткені сот хатшысының электронды поштасына белгісіз біреу ғимаратқа  «бомба қойылды» деген хабарлама жіберген. 

Ауданаралық сотта бұл уақытта бірнеше процес енді басталғалы жатқан. Алайда жарылғыш зат бар деген хабардан кейін бәрі дереу тоқтатылды. Жедел тергеу тобы мен саперлар, басқа да құтқару қызметі келіп судьядан бастап, барлығы 50 адамды сыртқа шығарды. Ғимарат жан жақтан қоршауға алынып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жедел жәрдемге дейін дайын тұрды. Жарылғыш затты іздеу операциясы екі сағатқа созылды. Алайда ешқанда да бомба табылған жоқ. Енді жұртты дүрліктірген хабарлама иесі іздестіріліп жатыр.

Гүлнар Пинчук,Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Аталған факті бойынша «Терроризм актісі туралы жалған хабарлау» бабына сәйкес  сотқа дейінгі тергеу басталды.Қазіргі уақытта хабарламаның авторы іздестіріліп жатыр. Соттың екі ғимараты да түгел тексеріліп, жарылғыш зат табылмады. Сот қызметкерлері қалыпты жұмысқа кірісті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде