{metadescription}
«Дау-дамайсыз» бағдарламасы топ жарды
«Дау-дамайсыз» бағдарламасы топ жарды

«Дау-дамайсыз» бағдарламасы топ жарды

«КТК» телеарнасы тағы да топ жарды. «Дау-дамайсыз» бағдарламасы «Тұмар» телевизиялық бәйгесінің «Үздік әлеуметтік» жоба аталымын жеңіп алды. Жүздеген кейіпкердің күрмеулі мәселесін шешіп, өмірін оң бағытқа өзгерткен бағдарламаның тек жыл басынан бері жиырма саны шығып үлгерген.

«Тұмар» сыйлығы алғаш рет 2017 жылы табысталған. Содан бері көгілдір экранның үздіктерін марапаттап келеді. Биыл пандемия басталғалы бері бұл жоба қайтадан жанданып отыр. Үміткерлердің шорт-парағына 40 үміткер енген. Олар «Үздік тележүргізуші» , «Үздік тележурналист», «Үздік деректі фильм», «Үздік ақпараттық бағдарлама» және тағы басқа аталымдар бойынша сынға түсті. «Үздік әлеуметтік жоба» аталымын жеңіп алған «Дау-дамайсыз» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі Жазира Бегалы бұл жүлде тұтас «КТК» ұжымының жеңісі деді.

Жазира Бегалы, «Дау-дамайсыз» бағдарламасының авторы-жүргізушісі:

Журналистика деген бұл керемет мамандық. Ешқандай мамандыққа айырбастамас едім. Мынау жүлде бұл «КТК» телеарнасының кадр сыртында еңбек етіп жатқан үлкен ұжымның жеңісі, жүлдесі деп бағалаймын. «Даудамайсыз» туралы айтар болсам, 2017 жылы эфирге шықты. Бұған дейін де бір-екі рет байқауға қатысты. Міне, бүгін жүлделі болдық. Тәуелсіздік деген тәтті, қымбат, қасиетті байлығымыздан айырылмайық. Әрқашан жақсылықты жазайық!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде