{metadescription}
Қант қызылшасы қымбаттады
Қант қызылшасы қымбаттады

Қант қызылшасы қымбаттады

Шикізат құны шекер бағасына әсер еткен. Ал сол қант қызылшасының бағасы соңғы кезде бес есе өсіпті. Бұрын қант қызылшасының бір тоннасы 3-5 мың теңге аралығында болса қазір 15 мың теңгеге дейін жеткен. Елдегі шекер өңдеуші зауыттар шаруалардан шикізатты осынша бағаға сатып алуы керек.

Ал, Үкімет беретін субсидияны қоса есептегенде қызылшаның тоннасы 30 мың теңгеге дейін жетеді дейді Ауыл шаруашылығы министрі. Министрліктің бұл қадамы отандық өндірісті дамытуға жасап отырған кезекті талпынысы деп түсіндірді Ербол Қарашөкеев. Өйткені қазір жергілікті шаруалар өсіретін қант қызылшасы қажет мөлшердің тек 10 пайызын ғана жауып отыр. Министр Қарашөкеевтің айтуынша шикізат өсіру оңай жұмыс емес. Бұрын елімізде 80 мың гектар қант қызылшасының алқабы болса, қазір нәбәрі 12 мың гектар. Ал, жалпы Қазақстанның бір жылда тұтынатын шекер мөлшері 250 мың тонна. Оның тең жартысы тәтті сусын мен кондитерлік өнім шығаратын зауыттарға тиесілі. Қант қызылшасын күзде жинаймыз деген министр әзірге тапшылықты шеттен әкелетін шикізатпен жаппақшы.

Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Қазіргі 4 қант зауытымыз бар. Оларға біз ЕЭОҰ келісімі бойынша 350 мың тоннаға дейін квотаны үлкейттік, ұлғайттық. Ол квота не деген сөз ол квота 350 мың тонна қант немесе қант құрғағын бажсыз алып келуге рұқсат береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде