"Қызыл кітапқа" енген қанаттылар қырылып жатыр
Атырау облысындағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватында "қызыл кітапқа" енген қанаттылар қырылып жатыр. Табиғаты мен аң-құсы қорғауға алынған бұл аумақтан үш мыңға жуық құстың өлексесі табылды. Әзірге шағалалар құс тұмауынан қырылды деген болжам бар.
Автор: Жанат Молдашева
29.06.2022
- Бүгін 19 маусым, міне қараңыз, қаншама құс жатыр.
Шағалалардың өлексесі Қашаған кенішінің жасанды аралдарынан екі апта бұрын табылған. Бұл аумақ «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» серіктестігіне қарайды. Алғашында мыңға жуық құстың өлексесі табылған. Ал мамандардың қазіргі есебі бойынша «Чеграва», «Қара бас өгізшағала», «Өгізшағаланың» жалпы саны үш мыңға жуығы өлген. Атырау облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы құстардың өлу себебін анықтау үшін су, топырақ және ауадан сынама алып, зертханаға жіберді. Сондай-ақ құстардың өлексесі де тексерілуде. Болжам бойынша шағалалар АН5 (ЭйЭйч) құс тұмауынан қырылған. Бірақ нақты нәтиже апта соңында белгілі болады.
Мереке Шалқаров, Атырау облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:
- Республикалық микробиология және вирусология институтының мамандарын қатыстырғанбыз. Олар сол кеше барып сынамалар алып, бүгін Алматы қаласына алып кетті. Сол жақтан зерттеліп, екіүш күн ішінде толық ақпарат береді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!