Коронавирус қайта кеуледі
Қауіпті кесел қайта өршіп барады. Өткен тәуліктің өзінде короновирус жұқтырғандардың саны 110 адамға жеткен. Бұлн алдынғы күнмен салыстырғанда екі есе көп. Бұған екпе салдыру белсенділігінің төмендеуі себеп. Мұндай көрсеткіш соңғы мәрте наурыз айында тіркеліпті.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
29.06.2022
Індеттің ілмегіне іліңгендердің дені Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары. Оңтүстік астанада бір күнде 56 адам короновирус жұқтырса, елордада 29 адамның ПТР тесті оң нәтиже көрсетіпті. Ауырған науқастардың 80 пайызы екпе салдырмаған немесе ревакциянация жасатпағандар. Қазірдің өзінде 500ден астам отандасымыз аурумен әлі алысып жатыр. Оның 100-ге жуығы инфекциялық стационарда жатса, төртеуінің халі тіптен мүшкіл. Дегенмен, 3-ші наурыздан бастап Респбуликамыз эпидкартада індеттің таралу қарқыны бойынша жасыл деңгейде тұр. Жалпы пандемия басталғалы қауіпті кеселдің құрсауына түскендердің саны 1 миллион 300мыңнан асқан.
Айжан Есмағамбетова, ҚР ДСМ вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігер:
- Қазақстанда маусым айынан бастап короновирустық инфекция сырқаттанушылығының өсуін байқап отырмыз. Соңғы апта өткен аптамен салыстырсақ 3,6 есеге дейін сырқаттанушылық өсті. Енді соңғы тәулікте 110 жағдай тіркелді. Оның 85 пайызы Алматы және Нұр-Сұлтанда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!