{metadescription}
Қоқыс полигоны өртенді
Қоқыс полигоны өртенді

Қоқыс полигоны өртенді

Жетісу облысында қоқыс полигоны өртенді. Тұрғындар төтенше жағдайға тау болып үйілген қалдықтардың дер кезінде шығарылмауы себеп дейді.

Өрт кеше кешкі сегіз жарым шамасында Текелі қаласының маңындағы қоқыс жинау алаңында басталған. 300 шаршы метрге жайылған тілсіз жаумен күресуге 9 маман мен 4 техника жұмылдырылды. Жылдар бойы жиналған тұрмыстық қалдықтардың тереңдігі 2 метрге дейін кеткен. Полигонның жалпы аумағы 1 гектар 20 сотықты құрайды. Қазіргі таңда жабық қоқыс алаңында өрттің нақты неден шыққанын мамандар анықтап жатыр.  

Азамат Жұртбаев, Жетісу облысы ТЖД ресми өкілі:

- Қазіргі таңда ашық оттық шығу фактілері жоқ. Шамамен 300 шаршы метр жерлерде бықсу фактілері орын алып отыр. Ол жерлерде рекультивациялық жұмыстар және сумен құю жұмыстары жүргізілуде. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

14 желтоқсан

13 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде