«Health&Safety» форумы өтті
Өндіріс орындарында қайғылы жағдайлар болмас үшін қайтпек керек? Бүгін «Самрұқ-Қазына» қорының ұйтқы болуымен Нұр-Сұлтанда тұғыш рет «Health&Safety» форумы өтті. Шетелдік сарапшылардың қатысуымен болған басқосуда осы өзекті мәселенің жай-жапсары жан-жақты талқыланды.
Автор: Руслан Әбдіхалық
29.06.2022
Самұрық-Қазына еліміздегі ең ірі жұмыс беруші компания болып саналады. Өндіріс орнында жалпы саны 250 мың жұмысшы бар. Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің сөзінше, мұндағы қызметкерлердің қауіпсіздігі ұдайы басты назарда.
Ғибрат Ауғанов, «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғаммен байланыс, әлеуметтік – еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры:
- Біз үшін адамның өмірі мен денсаулығы өте маңызды. Мұндай шараның жиі өтунің пайдасы орасан деп білемін. Өйткені, осы жерде өндіріс орындарындағы оқыс жағадайлар мен қайғылы оқиғаларды болдырмаудың жолдары айтылады.
Қор өкілдері өндістік компаниялардағы оқыс жағдайлар санының төмендеуіне септігі тигендерін айтады. Мәселен 4 жыл бұрын жұмыста жүріп 165 адам түрі-дене жарақатын алған болса, өткен жылдың дерегімен бұл сан 35 пайызға азайған. Бірақ компания басшылығы бұл әлі де жоғары көрсеткіш деп санайды. Сондықтан мәселені шешудің жүйелі жоспарын құру қажеттігі айтылды.
Берік Битабаров, «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлер жөніндегі бас директоры:
- Алдымен мекемелердегі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырау қажет. Бұл тек қатардағы жұмысшыларға ғана емес, басшыларға да қатысты. Сондайақ, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, шеберліктерін шыңдау сынды шараларды да ұмытпауымыз керек.
Форум аясында, Қор тобының 13 ірі компаниясының топ-менеджерлері жеке міндеттемелерге қол қойды. Олар өздері үлгі бола отырып, еңбекті қорғаудағы озық тәжірибені енгізуге және қызметкерлер үшін қолайлы жағдай жасауға жауапты болмақ. Бұл бағыт бойынша маңызды рөл атқарған «Самұрық-Қазына» 2022 қауіпсіздік жылы деп атады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!