Рубльді сатуға және сатып алуға шектеу енгізу керек!
Рубльді сатуға және сатып алуға шектеу енгізу керек! Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов елдегі айырбастау орындарында Ресей ақшасының теңгеге қатысты арнайы бағамы болуы керек деді.
Автор: Елдос Есенбол
29.06.2022
Өйткені, қазір 1 рублдің құны 9 теңгеге дейін жеткен. Соның салдарынан Ресейден келетін импорттық өнімдердің бағасы 50 пайызға дейін қымбаттаған. Бірақ, әлемдік нарықта санкцияларға байланысты Ресей ақшасына деген сұраныс мүлдем жоқ. "Сол себепті ресейліктер ақшасын алдымен теңгеге ауыстырып, содан кейін оны долларға айырбастап жатыр. Кейін көкқағазды қалтаға басып, ресей рублін бізде қалдырып кете барады" дейді депутат Жамалов. Елдегі банктердегі Ресей ақшасының көптігі сонша тіпті оны айырбастау үшін арнайы комиссия да енгізіп қойған. Мәжілісмен осыны ескеріп айырбастау орындарында рубль саудасын мүлдем тоқтатуды ұсынды. Ал, банк қазынасындағы Ресей ақшасын сыртқы қарызды өтеуге жұмсаған жөн дейді Жамалов.
Аманжан Жамалов, Мәжіліс депутаты:
- Рубльді басқа валютаға айырбастайтын шетелдік азаматтар үшін капиталды доллармен немесе евромен алуға шектеулер енгізу қажет деп санаймын. Екіншіден, айырбастау пункттерімен Ресей рублін сатып алуға және сатуға шектеулер енгізу керек. Үшіншіден, Ресей нарығында рубль бағамының қалыптасу ерекшеліктерін ескере отырып, рубльдің теңгеге арнайы есептік бағамын қалыптастыру шараларын қабылдау қажет.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!