{metadescription}
«Оператор РОП»-тың бұрынғы құрылтайшысы қашып жүр
«Оператор РОП»-тың бұрынғы құрылтайшысы қашып жүр

«Оператор РОП»-тың бұрынғы құрылтайшысы қашып жүр

«Оператор РОП»-тың бұрынғы құрылтайшысына да іздеу жарияланды. Шынар Мұхтароваға қатысты ақпарат бергендерге Антикор тіпті 12 млн теңге сыйақы да тағайындаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі утилизациялық алымды жинаумен айналысқан компанияның басшылығына қатысты тергеуді әлі жалғастырып жатыр. Мұхтарованың да осы іске қатысы бар. Оның 2017-2018 жылдар аралығында Экологиялық кодекс талабын бұзғаны анықталыпты.

Яғни, заңды белден басып дивидент түрінде 920 миллион теңгені қалтағы басты деп күдіктенеді тергеушілер. Қазір бұрынғы құрылтайшыға іздеу жарияланып, оған қатысты сот «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берген. Айта кетейік, Антикор шенеуніктермен ауыз жаласқан бұл мекеменің 180 миллиард теңгені жымқырмақ болғанын әшкерелеген-ді. Сыбайластар тіпті мұнымен де шектелмей, заңсыз түскен ақшаға зауыт салып, электр энергиясын мемлекетке қалаған бағамен сатуды жоспарлапты. Бұл жылмысқы істе Экология министрлігіндегі лауазымды шенеуніктер қол ұшын беретін болып келіскен. Қазір Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «Оператор РОП»-тың басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев қамауда отыр. Одан ертерек компанияның тағы бір экс басшысы Светлана Коротенко ұсталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.