{metadescription}
Қаңтар оқиғасына қатысы бар 445 адам сотталды
Қаңтар оқиғасына қатысы бар 445 адам сотталды

Қаңтар оқиғасына қатысы бар 445 адам сотталды

Қаңтар оқиғасына қатысы бар 445 адам сотталды. Бұл туралы бүгін Бас прокуратура мәлімдеді. Тәртіпсіздікке қатысқан күдіктілердің бәрі өз кінәсін толық мойындап, болған іске өкініп жатқанын жеткізді.

Процессуалдық келісімге келгендіктен, олардың дені айып тағылған баптары бойынша ең жоғарғы жазаның жартысын өтейді. Жалпы қаңтар оқиғасы бойынша сотқа 392 қылмыстық іс жолданған. Ол бойынша 445 азамат жаза арқалады. Судья ауыр қылмысқа барған 46 күдікті толық жазасын өтейді деген шешім шығарған. Сондай-ақ, Бас прокуратура қазіргі уақытта 514 күдіктінің қамауда отырғанын айтты.

Елдос Қилымжанов, ҚР Бас прокуратурасы БІРІНШІ қызмет бастығының орынбасары:

- Көрсетілген адамдар қиратуға, ғимараттарды өртеуге, атыс қаруларын жымқыруға, мемлекеттік обьектілерге және құрылымдық күш қызметкерлеріне шабуылдауға белсенді түрде қатысқан. Әрбір қамауға алынған бойынша олардың қылмыстарға қатыстылығы жөнінде жеткілікті мәліметтер бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде