Зейнетақы өсуі мүмкін
Алдағы уақытта зейнетақы өсуі мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова базалық зейнетақы мөлшерін көтеру жайын қарастырып жатқанын мәлімдеді. Бұдан бөлек зейнет демалысына ерте шығу мәселесі де ведомствоның қарауында. Бұған жол ашатын «Күміс жас» деген арнайы бағдарлама да әзірлеуде дейді министр Дүйсенова.
Автор: Елдос Есенбол
30.06.2022
Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
- Қазіргі шығып жатқан зейнеткерлердің зейнетақылары бұрынғы шыққан зейнеткерлердің зейнетақыларына қарағанда төмен. Себебі, еңбек өтілдері төмен. Солидарный пенсия дейміз ынтымақтастырылған зейнетақының мәселесін көтеру бойынша оның параметрлерін қарастыру. Содан кейін ертең зейнетке шығу мәселі бар. Бүгінгі заң аясында қарастырылған ол.
Сондай-ақ Тамара Дүйсенова зейнет жасын қысқарту мәселесін де қарастырып жатқанын тағы қайталады. Бұған дейін үкіметтегілердің зейнеткерлікке қатысты мәлімделері бір-бірімен қиыспай, халықтың ойын сан-саққа жүгірткен. Мысалы Еңбек министрінен бөлек, вице-премьер Ералы Тоғжанов та мұның күн тәртібіндегі мәселе екенін айтқан болатын. Артынша, тағы бір вице-премьер әрі Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев министрлер кабинетінде ондай әңгіме болған емес деді. Қаржы министрі бұл мәселеден хабарсыз болған сияқты.
Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
- Жұмыс тобы бар. Жұмыс тобына бірінші графиктен өттік. Енді екінші график министрлердің алдына шығуымыз керек. Одан кейін барып республикалық бюджеттік комиссияға шығамыз. Сонда қазір біз бірінші топтағы жұмыстағы бітірдік. Жамаубаев мырза тек қана Қаржы министрі емес ол кісі вицепремьер ғой.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!