{metadescription}
Қазақстан әскері Африкаға барады
Қазақстан әскері Африкаға барады

Қазақстан әскері Африкаға барады

Қазақстан бітімгерлерді Африкаға да жібереді. 430 әскери қызметші Орталық Африка республикасы, Конго, Мали мен Ливандағы Біріккен Ұлттар ұйымының тұрақтандыру жөніндегі миссиясына қатысады. Бұл елдерде жаяу әскер, медициналық, барлау, инженерлік, әскери полицейлер тапшы екен. Жалпы, бітімгерлерді жіберу президенттің Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысы. Бүгін парламент оны бірауыздан қолдады. Әскерилердің қашан шекара асатыны белгісіз. Қорғаныс министрі де бұл туралы тіс жармады.

Руслан Жақсылықов, ҚР Қорғаныс министрі:

- Бағалау және іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады. Біз Қазақстаннан Біріккен Ұлттар Ұйымына бес бөлімшені ұсындық. Біріншіден, бұл әскеридалалық госпиталь, ұшқышсыз ұшу аппараттарының бөлімшелері, жедел әрекет ету бөлімшелері және әскери полиция бөлімшелері. Олардың барлығы дайындықтың әртүрлі деңгейлерінде. Біз бөлімшелерімізді бірден емес, өтінім бойынша жібереміз. Бізге миссияны орындауға дайындық бойынша баға беріледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде