{metadescription}
Жолды жауып тастады
Жолды жауып тастады

Жолды жауып тастады

Мұнай-газ компаниясына жұмысқа кіру үшін кезекке тұру қажет. Жетібай ауылында жұмыс сұрап жолды жапқан жастардың талабына Маңғыстау облысының әкімі жауап берді. Нұрлан Ноғаев бұл оқиға қара алтын өндіретін ірі компанияның бос вакансия туралы хабарландыруынан кейін басталғанын айтады. Яғни, екі ауданның тұрғындары «МаңғыстауМұнайГаз» компаниясына жұмысқа алуды сұрап, наразылық білдерген. Алайда олардың бұл талабы орынсыз дейді облыс басшысы. 

Бұл Маңғыстау облысының Қарақия ауданында болған оқиға. Жетібай мен Мұнайшы ауылының жұмыссыз жастары «МаңғыстауМұнайГаз» өндірістік аймағына барар жолды жауып тастады. Себебі екі қолға бір күрек таппаған азаматтар өздерін мұнай-газ компанияларына жұмысқа орналастыруды талап етуде.

Алтының басы. Жетібайдың жұмыссыздары жолды жауып тастаған. Машиналарды өткізбей тұр.

Наразылық акциясы бір сағатқа созылды. Жұмыссыздардың мұндай қадамға барғанын облыс әкімі де біледі екен. Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, мәселенің бәрі «Маңғыстаумұнайгаз» бөлген бос жұмыс орындарынан басталыпты. Яғни, өңірдегі ірі мұнай компаниясы жалпы 102 бос орын жариялап, оның 40-ы жұмыс беруші мен әкімдік арасындағы меморандум аясында бөлінуі керек болған. Ал қалған 62 орынға екі ауданның жұмыссыз азаматтарын алу жоспарланыпты. Алайда ереуілшілер сол бос тұрған 102 орынның барлығын беруді талап еткен. Аймақ басшысы мұнай-газ саласына кірудің арнайы алгоритмі бар екенін айтады.

Нұрлан Ноғаев, Маңғыстау облысының әкімі:

- Жолды жапқан наразылар бірден мұнайгаз компаниясына кіргізуді талап етті. Мұнай-газ саласына жұмысқа кірудің өз алгоритмі бар. Яғни, ереже бойынша олар кезекке тұрып, кезегі келген соң, жұмысқа кіреді. Олар кезексіз алынса, біз кезекте тұрған басқа тұрғындардың құқығын бұзамыз. Барлығы тәртіппен жасалу керек. Жолды жабуды негізсіз деп білемін. Жалпы өңірде жұмыс бар. Мысалы, соңғы үш жылда екі жүз мыңға еңбек мигранттарына өңірде жұмыс жасауға рұқсат берілген. Өткен жылы облыста 62 мың еңбек мигрантына жұмысқа рұқсат берілді. Негізінен бұл құрылыс саласы, ауыл шаруашылығы, таукен өнеркәсібі, карьерлер.

Жалпы жыл басынан бері Маңғыстау облысында 11 557 жұмыс орны ашылған. Оның жартысынан көбі тұрақты қызмет. Қалғаны шағын және орта кәсіпкерлік есебінен құрылған. Соған қарамастан өңірде жұмыссыз жүргендер саны артып барады. Жолды жапқан азаматтардың да талабы сол күйі орындалмады. Себебі кезектен тыс ешкімді қабылдамаймыз дейді шенеуніктер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде