Жаңа карантиндік талаптар бекітілді
Елімізде коронавирус таралу қарқыны бойынша сары деңгейге өткен өңірлерге жаңа карантиндік талаптар бекітілді. Яғни індет анықталған науқаспен тығыз қарым-қатынаста болғандар қашықтан жұмыс істейді. Қатысушы саны он адамнан артық жиындар да онлайн форматқа көшірілмек. Сондай-ақ, халық көп шоғырланатын жерлер мен қоғамдық көлікте бетперде тағу міндеттеледі.
Автор: Салтанат Шырынхан
01.07.2022
Яғни әуежай, темір жол мен халықаралық автобустарда да бетперде тағу ұсынылмақ. Бұл тыйым ең алдымен Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласының тұрғындарына салынуы мүмкін. Өйткені қазір қос қалада індетті жұқтырғандар көптеп тіркелуде. Оңтүстік астанамызда бір күнде 98 адамның сынамасы оң нәтижені көрсетсе, елордада ковид 55 адамнан анықталыпты. Дегенмен еліміздің барлық өңірі «жасыл» деңгейде. Ел бойынша соңғы тәулікте жалпы 189 отандасымыз дертке шалдығып отыр. Бұл өткен аптамен салыстарғанда 3 есеге көп. Індеттің қайта өршуіне байланысты дабыл қаққан дәрігерлер ревакцинация жасатуға шақыруда. Өйткені коронавирусты жұқтырып жатқандардың 80 пайызға жуығы – індетке қарсы вакцина салдырмағандар мен соңғы екпеден кейін 6 айы өтіп кеткендер.
Мира Сұлтанова, ҚР Денсаулық министрлігі санитарлық- эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы:
- Жеңіл және омикронның түрі. Бұл басқаға қарағанда жеңіл өтеді. Және ересектер арасында көп кездеседі. Бүгінгі күні халыққа 3 түрлі вакцина қол жетімді. Бұл синофарм, казвак және файзер вакциналары. Оның 2 млннан астам дозасы бар. Барлық егу пунктерінде, медициналық ұйымдар да қамтамасыз етілген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!