Оқу ақысының қымбаттағына қарсы
Ақтөбеде медициналық университет студенттері мен олардың ата-анасы оқу ақысының қымбаттағына қарсы. Жоғары оқу орны басшылары осыдан бір жарым ай бұрын бағаны бірден екі жүз мың теңгеге көтеріп жіберген. Оны осы уақытқа дейін ешкімге айтпаған. Тек студенттер жазғы демалысқа кеткен кезде ғана мамырдағы жасырын өткен жиналыстың шешімін көріпті.
Автор: Жаңалық Ахаш
01.07.2022
Сабақ бітсе де таң атасымен жүзге жуық студент Ақтөбедегі медициналық университет алдына жиналды. Олар күні кеше ойламаған жерден оқу ақысының екі жүз мың теңгеге өскенін естіп қалыпты. Ең қызығы жоғары оқу орнының басшылары мұндай шешім қабылдағанын бір жарым ай бойы жасырып келген. Тек студенттер каникулға шығып, жан-жаққа тарағанда ғана шет жағасын шығарады.
Аружан Жақсыбаева, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің студенті:
- Оны бізге айтылған да жоқ, бізбен ешкім келіскен де жоқ. Ол негізі он үшінші май күні шешіліп қойған дейді мамыр күні. Барлығы совет жасап, жиналып келіскен дейді. Он үшінші май барлық студент қалада болды сабақта. Бізде даже экзаменде болған жоқ. Қалада болды барлығы. Сол кезде студенттердің барлығын жинап айту керек еді. Оны біз аяқ астынан білдік.
Батыс Қазақстан медициналық университеті жыл сайын оқу ақысын 30-40 мыңға өсіріп отырады екен. Бұл жолы тіптен шектен шықты деп ашынады жастар.
Әлішер Тұрғанбаев, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің студенті:
- Аяқ астынан екі жүз мыңға көтеріп жіберді. Былай қарап отсақ ол көбісінің қалтасынан шықпайды, көп адамның жағдайы келмейді ол ақшаға. Өзімді айтар болсам мысалы, әкем жоқ, шешем пенсионер. Өзім жұмыс істеп тапқантаянғанымды осы жаққа жұмсап жүрмін. Осы оқуымды жабу үшін.
Студенттердің ата-аналары да оқу ақысын қымбаттатуға шешім қабылдағандарды айыптап отыр. Келісім-шартта көрсетілген екі жақты келісім мүлдем орындалмақ түгілі, алдын ала ескертпеулері заңсыз дейді.
Аманжол Ерматов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:
- Барлық атаананың қалтасын көтермейді мысалға. Бірден 210 мың теңге қосып, 1 миллион 1 мың теңге ақша бірден шығып кетіп тұр. Оған біз келіспейміз. Ата-анаға ешқандай хабар жоқ. Студенттер де қазір демалыста. Білмеймін бұл қалай шешілгенін?
Наразы топтың алдына шыққан университет проректоры болса шығынымыз көбейді деп отыр. Жоғары оқу орны көрсететін қызметті дүкендегі нан бағасымен салыстырып ақталды.
Надияр Мусин, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің проректоры:
- Себебі коммуналный бағалар өсіп жатыр. Бар баға өсіп жатыр. Мысалы сіздер нанды 23 ай бұрын 100 теңгеден алдыңыздар. Қазір 150 теңге. Магазинге барып неге бұл сұрақты қоймайсыз. Жылына біздің шығындарымыз мысалы, биылғы электричество 41 миллион, водоснабжение и канализация 85 миллион 700 тысячь, газ 27 миллион.
Студенттер мен ата-аналардың жаппай наразылығынан соң оқу ақасының өзгеру, өзгермеуі әзір белгісіз. Өйткені, Марат Оспанов атындағы медициналық университеттің өзі басшысыз отыр. Себебі Денсаулық сақтау министрлігі директорлар кеңесін таратып жіберген. Ал оның жаңа құрамының қашан жасақталатынын әзір ешкім нақты айта алмайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!