Жалақысыз жүр
Түркістанда ірі компания жұмысшылары жалақыларын талап етіп, ереуілге шықты. Құрамында наубайхана, құрылыс материалдарын шығаратын зауыт пен автобазасы бар «Ақжол» серіктестігінің жұмысшылары 4 айдан бері соқыр тиын көргеніміз жоқ дейді.
Автор: Бек Әбиев
01.07.2022
Баян Рүстемова, жұмысшы:
- Бәріміздің мойнымызда кредитіміз бар, кредиттен звондап бітті, қарызға баттық 4 айдан бері. Үйдің жанындағы магазиннен қарыз алып жатырмыз. Мынаның бәрі қарыз алып жатыр. Не істейді енді айлық бермесе.
Қолына плакат ұстап шыққан 800-ге жуық жұмысшы жалақымызды бермей жұмысқа шықпаймыз дейді. Тіпті, арнайы техникаларды да тұралатып қойды. Олар айлық мәселесінен бөлек жұмыста қысқартуларды да доғарсын деп отыр. Себебі, соңғы уақытта мекемеде жұмыстан шығару көбейген көрінеді. Ал, компания басшылығы болса бірнеше жоба бойынша істелген жұмыстың қаржысы түспей қалғанын айтып ақталды. Алайда құрғақ уәдеге әбден тойған жұмысшылар оған сенбейді. Сондықтан бұл дауға еңбек инспекциясы араласып, жалақыны компания басшылығынан мәжбүрлеп өндіруге күш саламыз деп отыр.
Асқар Сейітқазин, Түркістан облысы Еңбек инспекциясының бөлім басшысы:
– Екі мекеменің арасындағы дау ғой. Ол тек қана өзі, бұлар договор істейді. Бір мекеме екінші мекемеге қарыз болған соң сотқа беру керек қой. Екеуінің арасында. Ал жұмысшыларға бұл өзі беру керек.
– Сіз тексеру жүргізіп жатсыз ба?
– Иә, Құдай қаласа.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!