Шарап зауыты қалдықтарын ауылға төгіп жатыр
Алматы облысында шарап зауыты Шалқар ауылының шетін өндірістік қалдықтарын құятын алаңға айналдырған. Айналаға жайылған сасық судың кесірінен елді мекенге кейіннен қосылған тұрғындар жер учаскелеріне үй сала алмай сергелдеңке түскен. Оған қоса, кәсіпорынның қалдығынан шыққан жағымсыз иіс бүтін бір ауылға тарап, бұқара есік-терезелерін қымтап отыруға мәжбүр. Ал білгенін істеп жүрген өндіріс ошағының әрекетін қазір құзырлы органдар жұрт шу шығарған соң тексеріп жатыр.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
01.07.2022
Мына Шалқар ауылының шеті шарап зауытының өндірістік қалдықтарын төгетін орын. Тұрып қалған лас судан ауаға жағымсыз иіс тарап, бүкіл ауыл тұрғындарының тынысын тарылтқан. Жұрт қолқаны қабатын қолаңса иістен шетімізден ауру болдық деп ұлардай шулады.
Орынгүл Әубәкірова, Шалқар ауылының тұрғыны:
- Біз мүмкін емес демала алмаймыз. Совсем кешкі таман уже мына неғылып, мысалы мен өзім несінен қатты страдать етемін, бронхыларымнан. Мен өзім чувствовать етемін, ал балалар невозможно, далаға шығарта алмаймын. Жібере алмаймын. Өйткені, сұмдық қолқамызды алып қалады да, үйге тығылып үйге кіреміз. Ал кешке таман есікті ашып демалуымыз керекпіз ғой.
Дамир Көшкенбаев, Шалқар ауылының тұрғыны:
- Қанша су жіберген, бізге жіберген, мына жаққа жіберіп жатыр, міне мына сасық суларды көрдіңіздер. Бұның түнде, кешке қарай салқында осындай желмен бізге келеді, мен даже жұмысшыларым ауырып, қаншарет ауырып қалды осының иісінен. Бізге адамдар қонаққада келеді,мәселен былай үйімізді көруге. Олар да айтады, мына жерде мен тұра алмаймын, ауырып уже неғып қалады.
Шарап шығаратын зауыт өз қалдықтарын мына аумаққа төгіп жатыр. Алайда бұл жер телімдері тұрғындарға тиесілі. Сасық судың кесірінен енді олар баспаналарын тұрғыза алмай сергелдеңге түскен.
Ат шаптырым аумақ кәдімгідей көлшікке айналған. Осы жер уческілері 8 соттықтан бөлініп, 40 адамға сатылыпты. Дегенмен үй салып жатқан санаулы ғана адам бар. Соның бірі Иля Құрбанбаева. Келіншек зауыттың қалдықтары аулаға таралып, үйдің іргетасын бүлдіре ме деп алаңдайды.
Иля Құрбанбаева, Шалқар ауылының тұрғыны:
- Үйді бастағанда олардың бастықтары келеді де бұл жерге салуға қандай құқықтарың бар деп қоқанлоқы көрсетеді. Сендер салмаңыздар бұл жер біздікі дейді. Ал біздер айтамыз мінеки құжаттарымыз бар. Сіздің құжаттарыңыз бар ма десек көрсетпейді.Мен өз күшіммен ана жерді жауып қойдым. Менің жеріме су ағып жатыр.
Ауылдың ішінде орналасқан шарап зауытының басшысы жұмыс орнында жоқ екен. Кәсіпорын қызметкерлері есіктерін ашпай, сұхбат бермейтіндерін ашық айтты.
- Жоқ ешкім...
Ал Жандосов ауылдық округінің әкімдігі бұл мәселеден хабардар. Атқамінерлер экологтар қалдық судан сынама алғанын жеткізді. Бірақ оның қорытындысы әлі шықпапты. Алып кәсіпорынның әрекетін қазір тиісті органдар тексеріп жатыр екен.
Ләйлә Белкәйірова, Жандосов ауылдық округі әкімінің орынбасары:
- Біз енді тиісті мекемелерге хатпен шықтық, себебі ол жердің қаншалықты жаңағы қалдық суларды төгу заңды, заңды емес екенін анықтау үшін тиісті мекемелерге хатпен шықтық. Ал енді ол жерден экология депортаменті сынамасын алды. Бүгінгі таңда сол нәтижесі шықаннан кейін, ол енді анықталады. Егер ол жерге заңсыз төгіліп келген болса, онда әрине онда мүмкін жаңағы департамент тарапынан, мүмкін айыппұл салынып, шара қолданатын шығар.
Тұрғындар зауыт қалдықтарын ен далаға емес кәріз жүйесіне ағызсын деген талап қойды. Егер заңсыздық тоқтамаса шалқарлықтар кәсіпорынды сотқа бермекші.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!